Нұр-Сұлтан қаласы адвокатының қылмыстық істер бойынша құқықтық қызметтері

Қылмыстық істер және қылмыстық құқық юойынша Нұр-Сұлтан қаласының адвокаты - сотқа дейінгі қылмыстық істерді тексеріп, тергеу амалдарын жүргізу, тергеу, прокуратура сот органдарында, басқа да өкілетті ұйымдармен мемлекеттік органдарда өкілдік етіп мүдделерді құқықтық қорғау.

Қылмыстық жауапкершілікке алып келетін жол-көлік оқиғасының нәтижесіне байланысты құқықтық қорғау және адвокаттық көмек көрсету

Қылмыстық жауапкершілікке алып келетін жол-көлік оқиғасының нәтижесіне байланысты құқықтық қорғау және адвокаттық көмек көрсету  

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 345, 346 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктері), 348, 349, 351-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылық, егер жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу адамның денсаулығына орташа немесе ауыр зиян келтіруге не бір не одан да көп адамдардың өліміне әкеп соқтырған жағдайда туындайды.

Өкілетті органдардың тiнту мен алуды жүргiзуіне байланысты жеке және заңды тұлғаларды құқықтық қорғау және оларға адвокаттық көмек көрсету

Өкілетті органдардың тiнту мен алуды жүргiзуіне байланысты жеке және заңды тұлғаларды құқықтық қорғау және оларға адвокаттық көмек көрсету

Тiнту мен алуды жүргiзу тәртiбi

Тiнту мен алуды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам уәждi қаулы бойынша жүргізеді. Тiнту жүргiзу туралы, сондай-ақ мемлекеттiк құпияны немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтитын құжаттарды алу туралы қаулыны тергеу судьясы санкциялауға тиiс.

Денсаулыққа зиян келтіруге байланысты құқықтық қорғау және адвокаттық көмек

Денсаулыққа зиян келтіруге байланысты құқықтық қорғау және адвокаттық көмек

Адам денесі талшықтарының анатомиялық тұтастығын құқыққа қарсы бұзу не органдардың зақымдануына немесе олардың қалыпты жұмыс істеуін бұзуға әкеп соққан өзге де әрекеттерді адам денсаулығына келтірілген зиян деп ұғыну керек.

Бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстауды санкциялау кезінде құқықтық қорғау мен адвокаттық көмек көрсету

Бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстауды тергеу судьяның санкциялауы кезіндегі құқықтық қорғау мен адвокаттық көмек

Күзетпен ұстау

Бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау тек судьяның санкциясымен және басқа, қатаңдығы неғұрлым жеңіл бұлтартпау шараларын қолдану мүмкін болмаған кезде заңмен бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмысты жасады деген күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қатысты ғана қолданылады.

ТЕРГЕУ ОРГАНДАРЫМЕН АДАМДЫ ҚЫЛМЫС ЖАСАДЫ ДЕП КҮДІКТЕНУ СЕБЕБІНЕН ҰСТАП АЛУ КЕЗІНДЕ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ

ТЕРГЕУ ОРГАНДАРЫМЕН АДАМДЫ  ҰСТАП АЛУ КЕЗІНДЕ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҚ  КӨМЕК КӨРСЕТУ

Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамды процестік ұстап алу тәртiбi

Адамды қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алу кезінде қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы оның қандай қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынғанын ауызша хабарлайды, оған қорғаушы шақыру құқығын, үнсіздік сақтау құқығын және оның айтқандары сотта оған қарсы қолданылуы мүмкін екендігін түсіндіреді.

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ МҮДДЕЛЕРІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСКЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚОРҒАУ БОЙЫНША АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ МҮДДЕЛЕРІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСКЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚОРҒАУ БОЙЫНША АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

Осы тараудың ережелерi қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде кәмелеттiк жасқа, яғни он сегiз жасқа толмаған адамдардың iстерi бойынша қолданылады.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕ АЗАМАТТЫҚ ТАЛАП АРЫЗ БЕРУ БОЙЫНША АДВОКАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕ  АЗАМАТТЫҚ ТАЛАП АРЫЗ БЕРУ БОЙЫНША АДВОКАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ                                                                        

ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ МҮЛІКТІК МӘСЕЛЕЛЕР

Қылмыстық процесте жеке және заңды тұлғалардың тікелей қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есi дұрыс емес адамның қоғамға қауiптi іс-әрекетiмен келтiрiлген мүлiктiк және моральдық зиянды өтеу туралы, сондай-ақ жәбірленушіні жерлеуге, емдеуге кеткен шығыстарды, оған сақтандыру өтемі, жәрдемақы немесе зейнетақы ретiнде төленген сомаларды, сондай-ақ өкiлдiк етуге жұмсалған шығыстарға қоса, анықтау, алдын ала тергеу iсiн жүргізуге және сотқа қатысуға байланысты шеккен шығыстарды өтеу туралы азаматтық талап қоюлары қаралады.

                                                                                                                           

ЖЕКЕШЕ АЙЫП ТАҒУ ТӘРТІБІМЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТУ ІСТЕРІ БОЙЫНША, АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАП СОТТА ӨКІЛДІК ЕТУ

ЖЕКЕШЕ АЙЫП ТАҒУ ТӘРТІБІМЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТУ ІСТЕРІ БОЙЫНША, АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАП СОТТА ӨКІЛДІК ЕТУ

Жекеше айыптау iстерi бойынша iс жүргiзу тәртiбi  
ҚР ҚПК-ның 32-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстерге жататын жекеше айыптау iстерi бойынша iс жүргiзу, 47 тарауда белгiленген алып қоюларды қоспағанда, осы Кодекстiң жалпы қағидаларымен айқындалады.
Жекеше айыптауды тұлға (бiрнеше тұлға) сотқа, соттылық туралы қағидаларды сақтай отырып, адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шағым беру арқылы қозғайды. Шағым анықтау органына, тергеушiге немесе прокурорға берілген кезде ол сотқа жiберiлуге жатады.

           

СОТ АКТІЛЕРІНЕ КАССАЦИЯЛЫҚ ТӘРТІППЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒАЫ СОТЫНА ШАҒЫМ БЕРУ

ҚР ҚПК-ның 484-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға істі тергеп-тексеру немесе сотта қарау кезінде жол берілген, мыналарға:

БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТТЫҢ ҮКІМДЕРІ МЕН ҚАУЛЫЛАРЫНА АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМ ЖАСАУ

ҚР ҚПК-ның 29-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, апелляциялық саты істерді ашық сот отырысында қарайды. Төрағалық етуші сот отырысын ашады, қандай іс қаралып жатқанын және кімнің апелляциялық (жекеше) шағымдары немесе прокурордың өтінішхаты бойынша екенін жариялайды. Содан кейін төрағалық етуші сот құрамын, іс бойынша тараптар болып табылатын, қатысып отырған адамдардың тегін, сондай-ақ аудармашылардың тегін жариялайды.

ТЕРГЕУ СУДЬЯСЫНЫҢ СОТ ҚАУЛЫСЫНА ШАҒЫМДАНУ

Тергеу судьясы адамды ұстап алған кезден бастап дереу, бірақ жетпіс екі сағаттан кешіктірмей өтінішхатты қарайды және уақытша күзетпен ұстау туралы не уақытша күзетпен ұстаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.

СОТТАЛУШЫНЫҢ, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ, КУӘНІҢ, АЗАМАТТЫҚ ТАЛАПКЕРДІҢ МҮДДЕЛЕРІН СОТ ПРОЦЕССІНДЕ ӨКІЛДІК ЕТІП ҚОРҒАУ

Қылмыстық iс сотқа келіп түскен кезде соттың төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша басқа судья iстi сотта iс жүргiзуге қабылдау туралы мәселенi шешедi.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ӨТІНІШ, АРЫЗ, ШАҒЫМ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАҒЫ ҚҰЖАТТАРДЫ ӘЗІРЛЕП, ДАЙЫНДАУ

Жеке және заңды тұлғалар әр түрлі қылмыстық құқық бұзушылық оқиғаларымен кездесуіне байланысты өтініш, арыз, шағым, беріп, құжаттарды әзірлеп, жобаларын дайындауға мәжбүр болатыны белгілі. Қылмыстық істің құрамына, болған оқиғасына, құқықтық маңыздылығы мен қылмыстың түріне байланысты, оларды қылмыстық процессуалдық заңнама негізінде әзірлеп, дайындауға, дұрыс толтыруға құқықтық сауаттылық пен білім қажет.

ТЕРГЕУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ПРОКУРАТУРАНЫҢ ӘРЕКЕТТЕРІНЕ ШЕШІМДЕРІНЕ, ШАҒЫМ КЕЛТІРУ

Егер жүргiзiлген процестік әрекеттер процеске қатысушылардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiн қозғайтын болса, олар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, прокурордың, соттың немесе судьяның шешiмдерi мен әрекеттерiне осы Кодексте белгiленген тәртiппен шағым жасауы мүмкiн. 2. Шағымдар осы қылмыстық iс бойынша шағымдарды қарауға және шешiм қабылдауға заңмен уәкiлеттік берiлген мемлекеттiк органға немесе лауазымды адамға берiледi.