Нұр-Сұлтан қаласы адвокатының қылмыстық істер бойынша құқықтық қызметтері

Қылмыстық істер және қылмыстық құқық юойынша Нұр-Сұлтан қаласының адвокаты - сотқа дейінгі қылмыстық істерді тексеріп, тергеу амалдарын жүргізу, тергеу, прокуратура сот органдарында, басқа да өкілетті ұйымдармен мемлекеттік органдарда өкілдік етіп мүдделерді құқықтық қорғау.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС МАТЕРИАЛДАРЫМЕН ТАНЫСУ

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қылмыстық іс бойынша осы Кодекстің 113-бабының талаптарына сәйкес дәлелденуге жататын барлық мән-жайлардың анықталғанын мойындап, күдіктіні, егер оның қорғаушысы, заңды өкілі іске қатысып отырған болса, оларды, сондай-ақ жәбірленушіні, оның өкілін, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді, олардың өкілдерін іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.

тергеу изоляторында тұтқында ұстауға байланысты құқықтық көмек көрсету

Сезіктілер мен айыпталушыларға қамауға алынған кезден бастап қорғаушымен оңаша және құпия жолығысуға мүмкіндік беріледі. Жолығысулардың саны мен ұзақтығына шек қойылмайды.

"Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген адвокат куәлігін және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаны көрсетуі бойынша – қорғаушы ретінде іске қатысушы адвокатпен жолығуға рұқсат етіледі.

КУӘЛӘРДЫҢ КҮМӘН КЕЛТІРУШІ, АЙЫПТАЛУШЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МҮДДЕЛЕРІН ТЕРГЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕ ӨКІЛДІК ЕТУ ҚОРҒАУ

Қорғаушы ретінде адвокатты қорғалуға құқығы бар куә, күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам, олардың заңды өкiлдерi, сондай-ақ қорғалуға құқығы бар куәның, күдiктiнің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның тапсыруы бойынша немесе келiсуiмен басқа да тұлғалар шақырады. Күдiктi, қорғалуға құқығы бар куә, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам қорғалу үшiн бiрнеше адвокатты қорғаушы ретінде шақыруға құқылы.

СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕУ ІСТЕРІН ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕГІ АДВОКАТТЫҚ КӨМЕК

Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың, хабардың Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелуі не кезек күттірмейтін бірінші тергеу әрекеті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы болып табылады.