Адам денесі талшықтарының анатомиялық тұтастығын құқыққа қарсы бұзу не органдардың зақымдануына немесе олардың қалыпты жұмыс істеуін бұзуға әкеп соққан өзге де әрекеттерді адам денсаулығына келтірілген зиян деп ұғыну керек.
Денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру – ҚР ӘҚтК-ның 73-1 бабына сәйкес әкімшлік жауапкершілікке алып келеді.
Денсаулықтың қасақана ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіру – ҚР ҚК-ның 106-шы және 107-ші баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке алып келеді.
Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығы Сот сараптамаларын және зерттеулерін ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес сот-медициналық сараптама жүргізу жолымен айқындалады.
ҚР ҚПК-ның 271-бабына сәйкес, мұндай сараптаманы жүргізу міндетті болып табылады, ал оның қорытындысы мұқият зерттелуге және басқа дәлелдемелер жиынтығымен бірге бағалануға жатады.
ҚР ҚК-нің 106-бабының екінші бөлігінде көрсетілген саралау белгілері бойынша денсаулыққа келтірілген ауыр зиянды саралаған кезде олар мағынасы бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабының екінші бөлігінде көрсетілген осыған ұқсас белгілерге сәйкес екенін назарға алу керек.
Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы бағытталған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жаза тағайындаған кезде соттар оларды жасаған кездегі барлық мән-жайлардың жиынтығын:
қасақаналық түрін, ниеті мен мақсатын, тәсілін, қылмыстық құқық бұзушылық жасау жағдайын және сатысын, туындаған зардаптың ауырлығын, кінәлінің жеке басын, жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың болуын ескереді.
Бұл ретте, әрекетті ҚР ҚК-нің тиісті баптарының диспозициясының тармақтарында көрсетілген бірнеше саралау белгілері бойынша саралаған кезде жаза жеке әрбір тармақ бойынша емес, ҚР ҚК-нің баптарының тиісті бөліктері бойынша бір рет тағайындалатыны назарға алынады.
Егер сіздерге денсаулыққа зиян келтірілуіне байланысты құқық қорғау мен адвокаттық көмек қажет болса, Нұр-Сұлтан қаласының адвокатымен мына телефондар арқылы хабарласыңыз:
+7 (7172) 35-65-19; +7 775 380 96 52.