ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ӨТІНІШ, АРЫЗ, ШАҒЫМ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАҒЫ ҚҰЖАТТАРДЫ ӘЗІРЛЕП, ДАЙЫНДАУ

Қылмыстық іс бойынша өтініш, арыз, шағым және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлеп дайындау

Жеке және заңды тұлғалар әр түрлі қылмыстық құқық бұзушылық оқиғаларымен кездесуіне байланысты өтініш, арыз, шағым, беріп, құжаттарды әзірлеп, жобаларын дайындауға мәжбүр болатыны белгілі. Қылмыстық істің құрамына, болған оқиғасына, құқықтық маңыздылығы мен қылмыстың түріне байланысты, оларды қылмыстық процессуалдық заңнама негізінде әзірлеп, дайындауға, дұрыс толтыруға құқықтық сауаттылық пен білім қажет.

Қылмыстық іс бойынша арыздар мен шағымдарды, өтініш түрлерін, немесе жобасын әзірлейтін сіздің әр-бір құжатыңыз белгілі қылмыстық құрамның болуына байланысты, қылмыстық құқық саласындағы сауттылықты талап етіп қана қоймай, сонымен қатар осы саладағы қылмыстық іс жүргізуге тәжірибеңіздің болғанын қажет етеді.

Сондықтан қылмыстық істер бойынша арыз, шағым өтініш беру және басқа да құжаттарды әзірлеп дайындау, жұмыстарын тек қана адвокатқа сеніп, тапсырған дұрыс.

Осы себептерге байланысты азаматтардың басым көпшілігі адвокаттардың көмегіне жүгінеді.

Нұр-Сұлтан қаласының адвокаты тергеу органдарына, прокуратураға, сотқа өтініш, арыз, шағым беру және оларды әзірлеп дайындау жұмыстарына байланысты келесі құқықтық қызмет түрлерін ұсынады:

уәкілетті органдар мен ұйымдардың лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне арыздар мен шағымдар;

қылмыстық құқықбұзу істерін қарауға өкілетті тұлғалардың, іс-әрекеттеріне сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізу кезінде арыздар мен шағымдар беру, оларды әзірлеп дайындау;

Жеке айыптау тәртібі бойынша қаралатын қылмыстық істер бойынша өтініш, арыздар, шағымдар беру олады әзірлеп дайындау;

апелляциялық тәртіп бойыша қарлатын қылмыстық істер бойынша сот актілеріне шағым беру, оларды әзірлеп дайындау;

кассациялық тәртіп бойынша қаралатын қылмыстық істер бойынша сот актілеріне шағымберу, оларды әзірлеп дайындау.

Егер сіздерге құқықтық құжаттарды әзірлеу бойынша, сотқа, басқа да өкілетті мемлекеттік органдарға құжаттар тапсырып, істеріңізді жүргізуге байланысты білікті маманның құқықтық көмегі қажет болса, Құр-Сұлтан қаласының адвокатымен мына телефондар арқылы хабарласыңыз:

+7 (7172) 35-65-19; +7 775 380 96 52.