МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ
"Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР З-ның бірінші бөлігі, 14) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу - осы Заңда және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тапсырыс берушілердің ақылы негізде сатып алуы.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері
Мемлекеттік сатып алу мынадай тәсілдердің бірімен:
1) конкурс (ашық конкурс, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс, екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурс);
2) аукциондарда;
3) баға ұсыныстарын сұрату;
4) бір көзден алу;
5) тауар биржалары арқылы жүзеге асырылады.
Тапсырыс беруші осы Заңға сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін айқындайды.
Мемлекеттік сатып алу осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алу веб-порталында жүзеге асырылады.
Тапсырыс беруші өзінің филиалының (өкілдігінің) қызметін қамтамасыз етуге қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемін негізге ала отырып, тапсырыс берушінің атынан осындай мемлекеттік сатып алуды тапсырыс берушінің филиалы (өкілдігі) тікелей жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың тәсілін айқындауға құқылы.
Жаңарту тәртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтар тізбесінде тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес келетін тауарлар болған жағдайда, тапсырыс беруші ең алдымен осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, жаңарту тәртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сатып алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асыруға міндетті.
Бұл ретте көлік шығыстары, оның ішінде тауарды тиеуге-түсіруге байланысты шығыстар тапсырыс берушінің есебінен жүзеге асырылады.
Жаңарту тәртібімен шығарылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының тізбесін мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган қалыптастырады және ол мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша ҚР заңнамасы тұрақты түрде жаңа жағадйлар мен талаптармен жаңартылып тұратындықтан тараптар арасында заңға енгізілген өзгерістерді жете түсінбеу себебінен даулар жиі кездесіп тұрады.
НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ АДВОКАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БОЙЫНША КЕЛЕСІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ АТҚАРАДЫ:
мемелекеттік сатып алу келісім-шартының талаптарын бұзған тараптың, заңсыз әрекеттерін даулаушы жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін сотта және басқа мемлекеттік органдарда өкілдік етіп қорғау;
тапсырыс берушілерге қатысты шығарылған мемлекеттік органдардың тексеру актілерін шағым беру;
тауар, қызмет, жұмыс түлерін ұсынатын, өнім берушілерге қатысты шығарылған мемлекеттік органдардың тексеру актілерін шағым беру;
Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасау;
мемлекеттік сатып алу нәтижесін даулау және жариаланған тапсырысты дәрменсіз деп тану;
сауда, мемлекеттік сатып алу конкурстары жеңімпаздарының заңды құқықтары мен мүдделерін, конкуренттердің, құқық қорғау және тексеруші органдардың негізсіз наразылық талаптарынан қорғау;
мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тасту бойынша өнім берушілердің мүдделеріне сотта өкілдік ету;
мемелекеттік сатыпалу туралы шарттарға, конкурстық құжаттамаларға құқықтық сараптама жасау;
Егер сіздерге мемлекеттік сатып алу бойынша адвокаттың құқықтық көмегі қажет болса, Нұр-Сұлтан қаласының адвокатымен мына телефондар арқылы хабарласыңыз:
+7 (7172) 35-65-19; +7 775 380 96 52.