Нұр-Сұлтан қаласы адвокатының корпоративтік даулар бойынша құқықтық қызметтері
ҚР азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес корпоративтік дауларға олардың тарапы коммерциялық ұйым, коммерциялық ұйымдар қауымдастығы (одағы), коммерциялық ұйымдар және (немесе) жеке кәсіпкерлер қауымдастығы (одағы), Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым және (немесе) оның акционерлері (қатысушылары, мүшелері), оның ішінде бұрынғы акционерлері (бұдан әрі – корпоративтік даулар) болып табылатын:
1) заңды тұлғаны құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға;
2) өзіне акционерлік қоғамның акцияларын, шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін, кооперативтер мүшелерінің пайларын қамтитын мұраға қалдырылған мүлікті бөлуге немесе ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлуге байланысты туындайтын дауларды қоспағанда, акционерлік қоғамдар ақцияларының, шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің, кооперативтер мүшелері пайларының тиесілілігіне, олардың ауыртпалықтарын анықтауға және олардан туындайтын құқықтарды іске асыруға, оның ішінде олармен жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тануды;
3) лауазымды адамдардың, құрылтайшылардың, акционерлердің, қатысушылардың (бұдан әрі – заңды тұлғаға қатысушылар) және өзге де тұлғалардың әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) заңды тұлғаға келтірілген залалдарды өтеу туралы талаптарға;
4) мәмілелерді жарамсыз деп тануға және (немесе) осындай мәмілелердің жарамсыздығының салдарларын қолдануға;
5) заңды тұлғаның басқару органдарының құрамына кіретін немесе кірген адамдарды тағайындауға немесе сайлауға, өкілеттіктерін тоқтатуға, тоқтата тұруға және олардың жауаптылығына, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға, тоқтатуға, тоқтата тұруға байланысты осындай адамдар мен заңды тұлға арасындағы азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын дауларға;
6) бағалы қағаздар эмиссиясына;
7) акцияларға және өзге де бағалы қағаздарға құқықтарды ескере отырып, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесінің жүргізілуіне, сондай-ақ бағалы қағаздарды орналастыруға және (немесе) олардың айналымына байланысты дауларға;
8) акциялар эмиссиясын мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тануға;
9) заңды тұлғаға қатысушылардың жалпы жиналысын шақыру мен өткізуге және онда қабылданған шешімдерге;
10) заңды тұлғаның басқару органдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айтуға байланысты даулар жатады.
Соттар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын және банк конгломератына бас ұйым ретінде кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істерді, жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың банкроттығы мен заңды тұлғаларды оңалту туралы істерді де қарайды.
Егер сіздерге корпоративтік даулар бойынша, сотта, басқа да өкілетті мемлекеттік органдарда істеріңізді жүргізуге байланысты білікті маманның құқықтық көмегі қажет болса, Астана қаласының адвокатымен мына телефондар арқылы хабарласыңыз:
+7 (7172) 35-65-19; +7 775 380 96 52.