Неке және отбасы бойынша Астана адвокаты
Нұр-Сұлтан қаласы адвокатының неке және отбасы құқықтық қарым-қатынастары бойынша қызметтері
Неке (ерлі-зайыптылық) - ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ("Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР кодексінің 1 бабы, 1-ші тармағы, 26) тармақшасы).
Тек мемлекеттік органдар қиған неке (ерлі-зайыптылық) ғана заңды неке болып танылады.
Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Отбасы - некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы.
Неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің өтініші бойынша оны бұзу жолымен, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайының қорғаншысының өтініші бойынша тоқтатылуы мүмкін.
Некені (ерлі-зайыптылықты) зайыбының жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде оның келісімінсіз бұзуға болмайды.
Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы:
отбасы мүшелері:
ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы, ал Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдар арасындағы құқықтар мен міндеттерді, мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды белгілейді.
Нұр-Сұлтан қаласының адвокаты ерлі-зайыптылар арасындағы неке-отбасы құқықтық қарым-қатынастарына байланысты келесі қызмет түрлерін атқарады:
сот тәртібі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу;
алименттерді өндіру;
ерлі-зайыптылардың әрқайсысының жинаған мүлкін олардың бiрлескен ортақ меншiгi деп тану;
ерлі-зайыптылардың ортақ меншіктегі мүлкін бөлу;
ерлі-зайыптылардың ортақ меншіктегі мүлкін бөлу кезінде әр қайсысының үлесін жеке анықтау;
ерлі-зайыптылардың мүлкіне борышкерлік өндіруді қолдану;
әкелігін сот тәртібі бойынша анықтау;
сот арқылы әкелігін мойындау фактісін бекіту;
әкелігін (ата-аналығын) даулау;
Адамның жеке өмiрiне жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын, қолсұғылмаушылық құқықтарын қорғау;
баланы басқа тұлғалардан мәжбүрлеп алуын талап ету;
ата-аналық құқығынан айыру;
ата-аналық құқығын қайтару;
ата-аналық құқығын шектеу;
бала асырап алуын заңсыз деп тану;
бала асырап алуын бұзу;
сотпен бұрын орнатылған алименттердің мөлшерін өзгерту және алименттерді төлеуден босату.
Егер сіздерге неке және отбасы құқықтық қарым-қатынастарына байланысты қаралатын азаматтық істер бойынша, сотта, басқа да өкілетті мемлекеттік органдарда істеріңізді жүргізуге байланысты білікті маманның құқықтық көмегі қажет болса, Астана қаласының адвокатымен мына телефондар арқылы хабарласыңыз:
+7 (7172) 35-65-19; +7 775 380 96 52.