Абоненттік құқықтық қызмет көрсету
Абоненттік құқықтық қызмет көрсету - бұл компанияның іс-әрекетіне оның шаруашылық жұмыстарын атқару кезінде туындайтын барлық құқықтық мәселелер бойынша кешенді кәсіби құқықтық жетекшілік ету.
Абоненттік құқықтық қызмет көрсету сізге:
тәуекелдік қатерді елеулі түрде азайтуға, әрекетіңізді сапалы құқықтық сараптама жасап, қиындық тудыратын нақты мәселелердің қатерін оның ең бастапқы пайда болу кезеңінде анықтауға;
кез келген құқықтық мәселелерді жедел түрде шешуге;
әр айда төленетін абоненттік төлем құнын ескеріп бюджетті жоспарлауға;
қызметкерді штатта ұстау кезіндегі міндетті түрдегі төлемдер мен салыққа, айлық жалақысы мен еңбек демалысына, әлеуметтік жиынтық төлемдеріне, науқастық қағазына, міндетті сақтандыру түрлеріне, біліктілігін арттыруға, жұмыс орнын ұсынуға, ұйымдық техника, кеңселік тауарлар беруге, электронды құқықтық жүйе қоймасымен, нормативтік құжаттамалармен және басқа да жұмыскердің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге байланысты жұмсалатын шығыстарды қысқартып үнемдеуге;
тәжірибелі және біліктілігі жоғары, жақсы пікір мен ұсыныстары бар, сапалы абоненттік құқықтық қызметтер ұсынатын және азаматтық істермен қатар әкімшілік және қылмыстық істерге де байланысты білікті құқықтық көмек көрсете алатын заңгерді таңдауға мүмкіншілік береді.
АБОНЕНТТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЫНА ЖОЛДАРМЕН ІС ЖҮЗІНЕ АСЫРЫЛАДЫ:
абоненттік құқықтық қызмет көрсету туралы келісім-шартты үш айдан аз болмайтын мерзімге жасау;
алдын ала құқықтық аудит жасап, ісжүргізу тәртібінің ҚР заңнамасына сәйкестігін тексеріп, кемшіліктер мен құқықтық заңға қайшы келетін компаниядағы күрделі жағдайларды анықтау;
бірінші кезектегі және жалпы жоспарлық мақсаттарды, орындалатын жұмыс көлемін, орындалу мерзімін бекітіп, жұмыс жоспарын құру.
АБОНЕНТТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КЕЛЕСІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІН ҚАМТИДЫ:
бұйрықтарды, өкімдерді, қағидаларды, реттемелерді, шарттарды және компания-абонентің басқа да ішкі нормативтік актілер мен ресми құжаттарын, абонеттік қызмет көрсету мерзімінде тексеріп ҚР заңнама талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз ету;
фирманың барлық құқықтық құжаттамаларына, сонымен қатар құрылтайлық құжаттамаларға, шарттарға және басқаларына құқықтық сраптама және талдау жасау;
компанияның кәсіпкерлік, өндірістік және басқа да іс-әрекеттерін құқықтық қамтамасыз ету;
салықтық, еңбектік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық құқық салаларындағы туындаған мәселелер бойынша абонентке заң кеңесін беру;
құжаттама жүргізу тәртібін, құжаттарға құқықтық баға беру критерилерін анықтайтын негізгі Қағидалардың, Нұсқаулықтардың, Ережелердің, Регламенттердің жобаларын әзірлеп жасау және оларды заң талаптарына сай орнатылған тәртіпте бекіту;
абоненттің мүддесіне соттарда, мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда, абоненттің серіктестерімен, клиенттерімен келіссөз жүргізу кездерінде өкілдік ету;
Мәмлелерге құқықтық жетекшілік ету;
банктерде шот ашу, клиенттің заңды тұлғасын, өкілеттіктерін және филиалдарын тіркеу, жылжымайтын мүлікпен мәмле жасауды және басқа да ҚР заңнамасына сәйкес тіркеуді талап ететін мәмлелерді мемлекеттік тіркеу;
банкроттық іс-әрекеттерге құқықтық жетекшілік ету;
құқықтық құжаттарды (шаруашылық және еңбек шарттарын, наразылық талаптарын, наразылық талаптарға жауаптарды, процессуалдық құжаттарды және т.б.) қазақ және орыс тілдерінде құрап жазу;
шаруашылық және еңбек дауларын сотқа дейінгі және соттан тыс келіссөз жүргізу және қолдансытағы заңнмаға қайшы келмейтін басқа да тәсілдермен реттеуге қатысу.
Абоненттік құқықтық қызмет көрсетілетін клиенттер басқа клиенттерге қарағанда ерекше артықшылық беру негізінде жүргізіледі.
Абоненттік құқықтық қызмет көрсету қажет болған жағдайларда адвокаттар алқасының ықпал етуімен және басқа да сарапшылар мен ғылымның әр түрлі саласындағы арнайы мамандардың қатысуымен өткізілуі мүмкін.
Абоненттік қызмет көрсетудің келесі сатыларға бөлінген болжамды бағалары ұсыналады:
шағын бизнес субъектілері үшін айына - 60 000 тенге;
орташа бизнес субъектілері үшін айына - 100 000 тенге в месяц;
үлкен бизнес субъектілері үшін айына - 200 000 тенге.