Адвокаттың азаматтық істер бойынша құқықтық қызметтері

Адвокаттың азаматтық істер бойынша құқықтық қызметтері

НЕКЕ - ОТБАСЫ ҚАТЫНАСТАРЫ БОЙЫНША АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР

НЕКЕ - ОТБАСЫ ҚАТЫНАСТАРЫ БОЙЫНША  АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ АДВОКАТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ АДВОКАТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ

"Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР З-ның бірінші бөлігі, 14) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу - осы Заңда және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тапсырыс берушілердің ақылы негізде сатып алуы.

Нұрсұлтан қаласы адвокатының жеке адвокат ретінде атқаратын құқықтық қызметтері

Нұрсұлтан қаласы адвокатының жеке адвокат ретінде атқаратын құқықтық қызметтері

Жеке адвокат қызметі - бұл жеке тұлғаларға барлық құқықтық мәселелер бойынша, соның ішінде құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларымен құқықтық –қарымқатынасқа түскен жағдайларда шұғыл көрсетілетін адвокаттық көмек.

Жеке адвокат қызметі – бұл сіздің күтпеген қауірт жағдайда құқықтық кеңес және жедел түрде құқытқ көмек алатын тұрақты адвокатыңыз, яғни барлық уақытта құқықтық қорғаныста болатын мүмкіншілігіңіз.

Дер кезінде көрсетілген білікті құқықтық көмек кез келген қиын жағдайдан тиімді жол тауып шығуға мүмкіншілік береді. Адвокат отбасына, жұмысыңызға, бизнеске байланысты барлық құқықтық құжаттарыңызды заң талаптарына сәйкес реттеп қойуға көмектеседі.

Жеке адвокаттың тиімділігі: тәуекелдік қатерді елеулі түрде азайтуға, Сіздің құжаттарыңызды, іс-әрекетіңіздің мән-жайына сапалы құқықтық сараптама жасап, қиындық тудыратын нақты мәселелердің қатерін оның ең бастапқы пайда болу кезеңінде анықтауға; қиындық тудыратын нақты мәселелердің қатерін оның ең бастапқы пайда болу кезеңінде жедел түрде алдын ала шешуге; азаматтытық, әкімшілік және қылмыстық істерді жүргізе алатын, сапалы және білікті құқықтық қызметтер мен адвокаттық көмек көрсете алатын, білімді және тәжірибелі көпжылдық қызметтік телімі бар беделді заңгерді таңдауға мүмкіншіліктер береді. ЖЕКЕ АДВОКАТ РЕТІНДЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТӘРТІБІ: кемінде үш ай мерзімге адвокатпен құқықтық қызмет көрсету келісім-шартына тұру; құқтық сипаттағы құжаттардың ҚР заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау үшін алдын ала құқықтық сараптама жасап, кемшіліктері мен қиындық тудыратын мәселелерді анықтау; жұмыс жоспарын құрып, бірінші кезекте және жоспарлы күн тәртібімен орындалатын істерді анықтап, олардың жұмыс көлемін орындалатын уақыт мерзімін бекіту;

Талап арыздар және сотқа жүгінетін құжат үлгілері

Талап арыздар мен басқа да сотқа жүгінетін  құжаттардың үлгілері

Астана адвокатының атқарушылық іс жүргізу бойынша құқықтық қызметтері

Нұр-Сұлтан қаласы адвокатының атқарушылық іс жүргізу бойынша құқықтық қызметтері

ҚР азаматтық заңнамасына сәйкес атқарушылық іс жүргізу – борышкерден атқарушылық санкциясын атқарушылық іс жүргізу бойынша өсімпұлдарды, шығыстарды, жеке сот орындаушысының қызмет ақысын өндіріп ала отырып, атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шаралар.

Астана адвокатының корпоративтік даулар бойынша құқықтық қызметтері

Нұр-Сұлтан қаласы адвокатының корпоративтік даулар бойынша құқықтық қызметтері

ҚР азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес корпоративтік дауларға олардың тарапы коммерциялық ұйым, коммерциялық ұйымдар қауымдастығы (одағы), коммерциялық ұйымдар және (немесе) жеке кәсіпкерлер қауымдастығы (одағы), Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым және (немесе) оның акционерлері (қатысушылары, мүшелері), оның ішінде бұрынғы акционерлері (бұдан әрі – корпоративтік даулар) болып табылатын:

Сотта ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер

ҚР азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес ерекше іс жүргізу тәртібімен соттарда келесі азаматтық істер қаралады:

1) заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы;

2) бала асырап алу туралы арыздар бойынша;

3) азаматты хабарсыз кетті деп тану туралы және азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы;

4) азаматтың әрекет қабілетін шектеу туралы, азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанды өз табысына өз бетінше билік ету құқығын шектеу туралы немесе одан айыру туралы;

Төрелікпен қаралатын даулар бойынша құқықтық қызметтер

Нұр-Сұлтан қаласы адвокатының Төреліктер қарауына жататын даулар бойынша құқықтық қызметтері

Қазақстан Республикасында төреліктер тұрақты жұмыс істейтін төрелік немесе нақты дауды шешетін төрелік түрінде құрылуы мүмкін. Тұрақты жұмыс істейтін төреліктерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалар құруы мүмкін. Тұрақты жұмыс істейтін төрелік төреліктің регламентін, қызметін осы төрелікте жүзеге асыратын төрешілердің тізілімін бекітеді. Нақты дауды қарайтын төрелікті тараптар дауды шешу үшін құрады және ол сол дауды шешкенге дейін немесе тараптар дауды сотқа беру туралы шешім қабылдағанға дейін жұмыс істейді. Төрелік талқылау: 1) туындаған немесе туындауы мүмкін дау бойынша төрелік талқылауды жүзеге асырудың тәртібі мен шарттары мәселелерін тараптар өздерінің арасында алдын ала келісім бойынша дербес шешу құқығына ие екендігін білдіретін тараптар еркінің дербестігі; 2) төрешілер мен төреліктер өздерінің шешімдерінде құқық тараптарының келісімі бойынша қолданылатын нормаларды басшылыққа алатынын білдіретін заңдылық; 3) өздеріне берілген дауларды шешу кезінде төрешілер мен төреліктердің тәуелсіздігін, оларға қандай да бір ықпал жасауды болдырмайтын жағдайларда шешім қабылдайтынын білдіретін тәуелсіздік; 4) тараптар төрелік талқылауда өз ұстанымын, оны қорғау тәсілдері мен құралдарын дербес және кімнен болса да тәуелсіз таңдайтынын, сондай-ақ тең құқықтарды пайдаланатынын және тең міндеттерді көтеретінін білдіретін тараптардың жарыспалылығы және тең құқықтылығы; 5) өздеріне берілген дауларды шешу кезінде төрешілер мен төреліктердің және төрелік талқылау тараптарының белгіленген талаптарды, қоғамның имандылық қағидаттарын және іскерлік әдеп қағидаларын сақтай отырып, адал әрекет етуге тиіс екендігін білдіретін әділеттілік; 6) төрешілердің және төрелік талқылауға қатысушылардың төрелік талқылау барысында өздеріне белгілі болған мәліметтерді тараптардың немесе олардың құқық мирасқорларының келісімінсіз жария етуге құқылы еместігін және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, төрелік талқылау барысында өздеріне белгілі болған мәліметтер туралы куә ретінде олардан жауап алуға болмайтындығын білдіретін құпиялылық; 7) жарамсыз төрелік ескертпенің күшін жою, оны өзгерту немесе тану негізгі келісімді тоқтатуға, өзгертуге немесе жарамсыз деп тануға әкеп соқпайтынын білдіретін төрелік келісімнің дербестілігі қағидаттарын сақтау арқылы жүзеге асырылады. Тиісінше, негізгі келісімнің күшін жою, оны өзгерту немесе жарамсыз деп тану төрелік ескертпені жарамсыз деп тоқтатуға, өзгертуге немесе тануға әкеп соқпайды. Төрешілер мен төреліктер өздеріне берілген дауларды шешу кезінде тәуелсіз болады, осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, өздерінің қызметіне мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қандай да бір араласуын болдырмайтын жағдайда шешімдер қабылдайды. Тараптар арасында жасалған төрелік келісім болған кезде дауды төреліктің қарауына беруге болады. Төрелік келісімді тараптар арасында қандай да бір нақты азаматтық-құқықтық қатынас бойынша туындаған немесе туындауы мүмкін дауларға қатысты тараптар жасауы мүмкін. Соттың қарауында жатқан дауға қатысты төрелік келісім аталған сот дау бойынша шешім қабылдағанға дейін жасалуы мүмкін. Мұндай жағдайда сот арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады. Талаптарын тараптардың бірі формулярларда немесе өзге стандартты нысандарда айқындаған және басқа тарап ұсынылған шартқа тұтастай қосылуы (қосылу шарты) арқылы ғана қабылдауы мүмкін болған шарт бойынша, сондай-ақ коммерциялық ұйым мен дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға арасындағы қарыз шарты бойынша дауды шешу туралы төрелік келісім, егер мұндай келісім талап қою үшін негіздер туындағаннан кейін жасалса, жарамды болады. Төрелікке тараптардың келісімі бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғалар арасында азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған даулар берілуі мүмкін. Егер тараптар өзге жөнінде уағдаласпаса, дауды тұрақты әрекет ететін төрелікке беру кезінде тұрақты әрекет ететін төреліктің регламенті төрелік келісімнің ажырамас бір бөлігі ретінде қарастырылады. Төрелік келісімнің қолданысы тараптар оны қандай тәртіппен жасасса, сондай тәртіппен тоқтатылуы мүмкін. Кәмелетке толмағандардың, заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдардың мүддесін қозғайтын даулар, оңалту және банкроттық туралы, табиғи монополиялар субъектiлерi мен олардың тұтынушылары арасындағы, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің арасындағы даулар төреліктің қарауына жатпайды. Төрелік жеке мүліктік емес қатынастардан туындайтын, мүлікке байланысты емес дауларды қарауға құқылы емес.

Мәмлелерді құқықтық жетекшілік ету бойынша қызметтері

Нұр-Сұлтан қаласы адвокатының мәмлелерді құқықтық жетекшілік ету бойынша қызметтері

Азаматтардың күнделікті өмірінде, жеке және заңды тұлғалардың іс-әрекеттерінде мәмлелерге құқықтық жетекшілік ету маңызды және өте жауапты роль атқарады.  

Мәмлелерді құқықтық жетекшілік ету, барлық құқықтық салада және әр-түрлі құқықтық қарым-қатынастар бойынша болуы мүмкін, нақты алғанда жылжымайтын мүлікпен, еңбек қарым-қатынастары , халықаралық қарым-қатынастар аясында, авторлық құқықпен байланысты мәселелер бойынша және басқа да жағдайларға байланысты мәмле жасау кезінде.

Кезкелген мәмленің қауіпсіздігі көп жағдайларда шарттардың, келісімдердің маңызды жағдайларын мәмле жасау кезінде білімділікпен ресімдеуіне байланысты. 

Сатып алу, жалға беру, сатуға байланысты мәмлелер құмбат бағалы мүлікпен, тауарлармен, жұмыс және қызмет түрлерімен байланысты болса білікті заңгердің көмегіне қажеттілік туындайды.

Соттарда ерекше талап қою тәртібімен қаралатын азаматтық істер

Нұр-Сұлтан қаласы адвокатының ерекше талап қою тәртібімен қаралатын азаматтық іс бойынша құқықтық қызметтері

ҚР азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес ерекше талап қою тәртібімен соттарда келесі азаматтық істер қаралады:

САЙЛАУҒА, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСАТЫН АЗАМАТТАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ САЙЛАУ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ АРЫЗДАР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ;

Келтірілген зиянды өндіру бойынша құқықтық қызметтер

Келтірілген зиянды өндіру бойынша Нұр-Сұлтан қаласы адвокатының құқықтық қызметтері 

Зиян – ол заңмен қорғалатын мүліктік немесе мүліктік емес игіліктердің кемуі.

Мүліктік зиян – жәбірленушіге келтірілген шығындардан тұрады (яғни зақымдау,  бұзу, жәбірленушінің мүлкінің нақты кемуі немесе ол мүліктің күйінің сапасның нашарлауы, және оны сатып алу, қалпына келтіру үшін жәбірленушінің қосымша шығындану ақы төлеуін қажет етуі).

Денсаулыққа келтірілген зиян - бұл ағзаның (тіннің) анатомиялық тұтастығының немесе олардың физиологиялық қызметінің (дене жарақаттары) бұзылуы, немесе әртүрлі сыртқы ортаның факторларының – механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, психогендік әсерінен болған аурулар немесе патологиялық жағдайы.

моральдық зиян – жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы, оның iшiнде өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан жәбiрленушiнiң, ал осындай құқық бұзушылық салдарынан ол қайтыс болған жағдайда – жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.).

Зиян келтіру күнделікті өмірде, мысалы өндіріс аясында, көлік құралдарының пайдаланылуынан, қауіпті заттармен, жануарлармен, тауарларды сатудан, жұмыстар мен қызмет көрсетуден, лауазымды тұлғалардың, қызметкерлердің, жұмысшылардың, азаматтардың заңсыз іс-әрекеттерінің салдарынан және басқа да жағдайлардан туындауы мүмкін.

Зиян келтіргені үшін жауаптылық, азаматтық құқықта – азаматтың жеке басына немесе мүлкіне не заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіргені үшін зиян келтірушінің жәбірленушіге оны толық көлемде өтеуге міндеттілігі бекітілген.

Мысалы, ҚР АК 917-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтар мен заңды, тұлғалардың мүліктік немесе мүліктік емес игіліктері мен құқықтарына заңсыз іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) келтірілген мүліктік және (немесе) мүліктік емес зиянды, оны келтірген тұлға толық көлемде өтеуі тиіс.

Заңда реттелмеген кейбір жағдайлар, тараптардың арасындағы шарттарда зиян келтірушінің жәбірленушіге зиянның өтеуінен тыс өтемақы төлеуге міндеттілігі белгіленуі мүмкін.

Заң талаптарына сәйкес зиян келтірген адам өзінің кінәсіз екенін дәлелдеген жағдайда зиянды өтеуден босатылады.

Егер зиян жәбірленушінің өтінішімен немесе келісімімен келтірілсе, ал зиян келтірушінің әрекеттері қоғамның адамгершілік қағидаттарын бұзбаған болса, ол зиянды өтеуден босатылуы мүмкін.

Қажетті қорғаныс жағдайында келтірілген зиян қорғаныс шегінен шығып кетпесе, өтелмейді.

Аса қажеттілік жағдайда келтірілген зиян, яки зиян келтірушінің өзіне немесе басқа адамдарға төнген қауіпті жою үшін жасалған әрекеттерден келтірілген зиян, бұл қауіп басқадай жолмен жойылмайтын болған жағдайда, өтелуге тиіс.

Мұндай зиянның келтірілуіне себеп болған мән-жайды ескере отырып, сот оны өтеу міндеттілігін үшінші бір адамға (зиян келтіруші соның мүддесі үшін әрекет еткен болса) жүктеуі мүмкін.

Жұмыс беруші, яки заңды тұлға немесе азамат өзінің қызметкері еңбек (қызмет бабындағы, лауазымдық) міндеттерін орындау кезінде келтірген зиянды өтеуге міндетті.

Жалпы заң талаптары бойынша, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ, олардың лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) салдарынан, соның ішінде заңға немесе өзге құқықтық актіге сай келмейтін акт шығаруы салдарынан азаматқа немесе заңды тұлғаға келтірілген зиян өтелуі тиіс.

Заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, қылмысты болдырмау шарасы ретінде қамауда ұстауды не кетіп қалмауға қолхат алуды заңсыз қолдану, тұтқындау немесе түзеу жұмыстары түріндегі әкімшілік шараларды заңсыз қолдану әрекеттері салдарынан келтірілген зиян өтелуге жатады.

14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілік олардың ата-аналарына, асырап алушыларға, қамқоршыларына, қорғаншыларына жүктеледі.

14 жастан 18 жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар өздерi келтiрген зиян үшiн жалпы негiздер бойынша дербес жауап бередi.

14 жастан 18 жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар Зиянды өтеу үшiн жеткiлiкті мүлкі немесе өзге кiрiс көздерi болмаған жағдайда, егер олар зиянның өз кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, зиянды толық немесе оның жетпей тұрған бөлiгiн заңды өкілдері өтеуге тиiс.

Егер 14 жастан 18 жасқа дейiнгi қамқоршылыққа мұқтаж кәмелетке толмаған адам тиiстi тәрбиелеу, емдеу мекемесiнде, халықты әлеуметтiк қорғау мекемесiнде немесе заңға орай оның қамқоршысы болып табылатын сол сияқты басқа да мекемеде болса, зиян өздерiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, зиянды толық немесе оның жетiспей тұрған бөлiгiн сол мекемелер өтеуге мiндеттi.

Заңды өкілдердің және тиiстi мекеменiң зиянды өтеу жөнiндегi мiндетi зиян келтiрушiнiң кәмелетке толуы бойынша немесе онда кәмелетке толғанға дейiн зиянды өтеуге жеткiлiктi мүлiк немесе кiрiс көздерi пайда болса не ол кәмелетке толғанға дейiн әрекет қабiлеттiлiгiне ие болса тоқтатылады (ҚР А Кодекстiң 17-бабының 2-тармағы, 22-1-бабы).

Әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат келтірген зиян үшін жауаптылық қорғаншыға немесе оны қадағалауға міндетті ұйымға жүктеледі.

Маскүнемдікке салыну немесе есірткіқұмарлық салдарынан әрекетке қабілеті шектелген азамат келтірген зиянды оның өзі өтейді.

Егер жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына зиян келтірілсе, сот жәбірленуші мен зиян келтірушінің мүліктік жағдайын, басқа да мән-жайларды ескере отырып, зиянды толық не ішінара өтеуді зиян келтірушіге міндеттейді.

Ал өз әрекетінің мәнін түсіне алмаған жағдайға маскүнемдікпен, есірткі заттарын қолданумен, басқа да тәсілдермен өзін-өзі жоғарыдағыдай жағдайға келтірген зиянкес жауаптылықтан босатылмайды.

Қызметі қоршаған ортаға жоғары қауіп төндіретін заңды тұлғалар мен азаматтар келтірілген зиянды (бұл зиянның еңсерілмейтін күш немесе жәбірленушінің қаскүнемдігі салдарынан болғанын дәлелдей алмаса) өтеуге міндетті.

Бірлесіп зиян келтірушілер жәбірленуші алдында бірге жауап береді.

Егер сіздерге зиян келтіру құқықтық қарым-қатынастарына байланысты, өкілетті мемлекеттік органдарда істеріңізді жүргізуге байланысты білікті маманның құқықтық көмегі қажет болса, Нұр-Сұлтан қаласының адвокатымен мына телефондар арқылы хабарласыңыз: +7 (7172) 35-65-19; +7 775 380 96 52.

                       

мұрагерлік даулар мен құқықтық қарым-қатынастар бойынша құқықтық қызметтер

Нұр-Сұлтан қаласы адвокатының мұрагерлік даулар мен құқықтық қарым-қатынастар бойынша құқықтық қызметтері 

Мұрагерлік - бұл қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкiнiң басқа адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы. Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер осы бөлiмнiң ережелерiнен өзгеше туындамаса, бiрыңғай тұтас нәрсе ретiнде және бiр-ақ мезгiлде ауысады.

Мұрагерлiк өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асырылады.

Өсиет қалдырылмаған не бүкiл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген өзге де жағдайларда мұрагерлiк заң бойынша орын алады.

Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесiлi мүлiк, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен мiндеттерi кiредi. Мұраның құрамына мұра қалдырушының тірі кезінде ресімдел­меген мүліктік құқықтарын ресімдеу үшін қажетті құқықтар, оның ішінде оларды тіркеу құқығы да кіруі мүмкін.

Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен мiндеттер: 1) егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы; 2) өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу құқығы; 3) алименттiк мiндеттемелерден туындайтын құқықтар мен мiндеттер; 4) зейнетақы төлемдеріне, жәрдемақылар мен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңдарының негізінде басқа да төлемдер алу құқығы; 4-тармақша өзгертілді ҚР 15.05.2007 жылғы № 253 Заңымен (07.05.2007 ж. редакцияны қараңыз) 5) заңнамалық актілерде белгіленген жағдайларды қоспағанда, мүлiктiк құқықтармен байланысы жоқ жеке мүлiктiк емес құқықтар мұраның құрамына кiрмейдi.

Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдық емес игiлiктердi мұрагерлердiң жүзеге асыруы және қорғауы мүмкiн.

Ортақ бiрлескен меншiкке қатысушының қайтыс болуы оның меншiктегi үлесiн айқындау және ортақ мүлiктi бөлу не осы ҚР А Кодексінiң 218-бабында белгiленген тәртiппен одан қайтыс болған қатысушының үлесiн бөлiп шығару үшiн негiз болып табылады. Бұл жағдайда мұра қайтыс болған қатысушының ортақ мүлiктегi үлесiне, ал мүлiктi заттай бөлу мүмкiн болмаған кезде - үлестiң құнына қатысты ашылады.

Ортақ бiрлескен меншiкке қатысушы ол қайтыс болғаннан кейiн ҚР А Кодексінiң 1041 бабы, 1-тармағына сәйкес айқындалатын ортақ мүлiктегi өз үлесiне өсиет қалдыруға құқылы.

Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады.

Мұра қалдырушының соңғы тұрған жерi, ал егер ол белгiсiз болса - мүлiктiң немесе оның негiзгi бөлiгiнiң орналасқан жерi мұраның ашылу орны болып табылады.

Мұра ашылған кезде тiрi жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тiрi кезiнде iште қалған және мұра ашылғаннан кейiн тiрi туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады.

Еңбек қатынастары бойынша адвокаттың құқықтық қызметтері

Нұр-Сұлтан қаласы адвокатының еңбек даулары мен құқықтық қарым-қатынастар бойынша құқықтық қызметтері

Еңбек даулары  - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек және (немесе) ұжымдық шарттардың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша жұмыскер (жұмыскерлер) мен жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің) арасындағы келіспеушіліктер.

Арадағы келіспеушілікті еңбек дауы деп санау үшін, еңбек мәселесін реттеу туралы тараптың арыз беруі негізгі шарт.

Мысалы, жұмысберуші негізсіз жұмыскерді  штат санының қысқаруын сылтау етіп, жұмыстан шығарған жағдайда, жұмыскер бұл әрекетке шағымданбай жұмыстан шығып, басқа жұмысқа орналасып жатса, жұмыс берушінің заң талаптарын бұзғандығы анық көрініп тұрғанымен, мұндай жағдайда еңбек дауы туындамайды. 

Еңбек дауы құқықтық еңбек қарым-қатынасқа түскен тараптардың бір біріне келіспеушіліктерін білдіру әрекеттерімен байланысты.

Осылайша тараптардың арасындағы қарамақайшылықтар барлық уақытта еңбек дауына алып келмейді. 

Барлық еңбек даулары топтарға бөлген кезде, жеке және ұжымдық болып, бөлінеді.

Жеке еңбектік даулар жұмыс берушімен жеке жұмыскер арасында туындайды, мысалы, жұмыстан шығару туралы, тәртіптік жаза қолдану туралы, материалдық жауапкершілікке байланысты және т.б. 

Ұжымдық еңбек даулары жұмыс берушімен жұмыскерлер қауымының дауласуынан, бүкіл жұмыскерлер қауымының мүддесі бойынша дауласып, мысалы, жұмысшылардың жұмыс істеу және тұрмыстық жағдайларына қатысты талаптар қоюуы. 

ҚР Еңбек кодексінің 159 бабында жеке еңбек дауларын Татуластыру комиссиясымен қарастыру тәртібі бекітілген.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін және заңды тұлғаның атқарушы органының басшыларын қоспағанда, жеке еңбек дауларын – келісу комиссиялары, ал реттелмеген мәселелер не келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша соттар қарайды.

Сонымен қатар еңбек дауын Татуластыру комиссиясында қарауы, тараптардың осы мәселені процессуалдық тәртіппен қарастыру бойынша сотқа жүгініуіне кедергі бола алмайды.  

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыскерлердің сотқа жүгінуі кезінде еңбек дауларынан туындайтын талаптар бойынша, жұмыскерлер мемлекетке төленетін сот шығыстарын төлеуден (істі қарастыру бойынша салық бажынан және төлемдерден) босатылады, ал сотқа жүгінуші ретінде жұмыс беруші тараптар еңбек дауларын шешу үшін мемлекет пайдасына барлық сот шығыстарын төлеуге міндетті.

Еңбек кодексінің 160-шы бабында жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну мерзімдері бекітілген.

Келісу комиссиясына немесе сотқа жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну үшін мынадай мерзімдер белгіленген:

1) жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша – жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы актісінің көшірмесі келісу комиссиясына тапсырылған күннен бастап бір ай, ал сотқа жүгіну үшін – реттелмеген даулар бойынша не еңбек шарты тарапы келісу комиссиясының шешімін орындамағанда жүгінген кезде келісу комиссиясы шешімінің көшірмесі тапсырылған күннен бастап екі ай;

2) басқа еңбек даулары бойынша – жұмыскер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиіс күннен бастап бір жыл.

Жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну мерзімінің өтуі қаралып жатқан еңбек дауы бойынша медиация туралы шарттың қолданылу кезеңінде, сондай-ақ келісу комиссиясы болмаған жағдайда, ол құрылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Заң бойынша дереу орындалуға жататын сот шешімдері көрсетілген, олардың ешіде еңбек қатынастарына байланысты қызметкерге жалақыны алып беру, бiрақ үш айдан аспайтын жалақыны алып беру туралы, жұмысқа қайта орналастыру туралы, денсаулыққа зақым келуден, сондай-ақ асыраушысынан айрылуынан келтірілген зиянды өтеу, бiрақ үш айдан аспайтын зиянды өтеу туралы бекітілген (ҚР АПК-ның 243 бабы).

Егер сіздерге еңбек дауы бойынша, өкілетті мемлекеттік органдарда істеріңізді жүргізуге байланысты білікті маманның құқықтық көмегі қажет болса, Нұр-Сұлтан қаласының адвокатымен мына телефондар арқылы хабарласыңыз: +7 (7172) 35-65-19; +7 775 380 96 52.

НұрөСұлтан қаласының адвокаты еңбек қатынастарына байланысты құқықтық қызмет түрлерін көрсетеді:

еңбекке қатысты құқықтық қатынастар бойынша құқықтық кеңес беру;

жалақыны кешіктіріп беруге байланысты заң бұзушылықтарға шағым беру;

Жұмыс берушінің немесе жұмысшының заңсыз әрекеттеріне шағымдану;

Жұмыс берушіні немесе жұмыскерді жауапкершілікке тарту;

жұмыскерді жұмыстан босату, басқа жұмысқа ауыстыру әрекеттеріне шағымдану жұмысқа қайта орналастыру;

жұмыс берушінің кінәсінен жұмыссыз жүруге мәжбүр болған кездердегі жалақыны өндіру;

наразылық, талап арыз және басқа да құжаттарды сотқа дайындау;

жұмыс берушінің тәртіптік жаза қолданыуы туралы актілеріне шағымдану;

еңбек келісімдері мен басқа да құжаттарға құқықтық сараптама жасау;

жұмыс берушімен (жұмыскермен) келіссөздер жүргізу;

Сотта өкілдік ету.

Еңбек дауларына қатысты барлық сұрақтар бойынша Нұр-Сұлтан қаласының адвокатымен мына телефондар арқылы хабарласыңыз: +7 (7172) 35-65-19; +7 775 380 96 52.    

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        

тұрғын үй және жылжымайтын мүлікпен байланысты құқықтықтық қарым-қатынастары бойынша қызметтер

Нұр-Сұлатан қаласы адвокатының тұрғын үй және жылжымайтын мүлікпен байланысты құқықтықтық қарым-қатынастары бойынша қызметтері 

Адамдардың тұрғын үйге қатысты құқықтық қарым-қатынастары  туындаған мән-жайларға байланысты реттелуі қиын дауға айналып, басқа да заң салаларын, неке-отбасы, әкімшілік, еңбек, мұра