Мас күйiн медициналық куәландырудан мәжбүрлеп өткізуге байланысты құқықтық қорғау және адвокаттық көмек көрсету

Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 4 маусымдағы N 28 қаулысымен бекітiлген адамның мас күйiн куәландыруға жiберу, мас күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресiмдеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) алкоголымен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен мас күйiн (бұдан әрi - мас күйi) куәландыру, көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң, шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiнiң (бұдан әрi - жүргiзушi, кеме жүргiзушi) мас күйiн куәландыру, сондай-ақ оның нәтижелерiн ресiмдеу тәртiбiн айқындайды.

Жүргiзушiлердiң, кеме жүргiзушiлерiнің мас күйiн куәландыруға жiберудi, мас күйiн куәландыруды "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнің (бұдан әрi - Кодекс) 618 және 629-баптарына сәйкес мас күйi Кодексте көзделген құқық бұзушылықтың құрамы болып табылғанда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары ретiнде уәкiлеттi лауазымды адамдар жүргiзедi.

Көлiк құралдарын басқарудан шеттетiлген жүргiзушiлердiң, кеме жүргiзушiлерiнiң мас күйiн куәландыруды Қазақстан Республикасының заңнамасымен осыған уәкiлеттік берiлген лауазымды адамдар мас күйiн белгiлейтiн арнайы аспаптар мен құралдарды қолдану арқылы тiкелей әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде және/немесе медициналық ұйымдарда жүргiзе алады.

Жүргiзушiлердiң, кеме жүргiзушiлерiнiң көлiк құралдарының, шағын көлемдi кемелердiң қозғалыс тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердiң белгiленген талаптарын бұзуы және қозғалыс қауiпсiздiгiн қадағалауды жүзеге асыру кезiнде лауазымды адамдардың олардың бұл әрекеттерiнiң жолын кесуi, егер бұл ретте, жүргiзушiлерде, кеме жүргізушілеріне мас күйi белгілерiнiң анықталуы, сондай-ақ жүргiзушiлердiң, кеме жүргiзушiлерiнiң алкогольдi немесе психикалық активтi заттарды қабылдағандығы туралы өтiнiштер, хабарлар, олардың алкогольдi немесе психикалық активтi заттарды қабылдағандығын мойындауы жүргізушілердi, кеме жүргiзушiлерiн мас күйiн куәландыруға жiберуге, мас күйiн куәландыруға жеткiлiктi негiз болып табылады.

ҚР ӘҚБтК-ның 785-бабында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары бекітілген.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жолын кесу, оны жасауға күдiктiнiң жеке басын анықтау, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау мүмкiн болмағанда, оны жасау, iстi уақтылы және дұрыс қарауды және iс бойынша қабылданған қаулыны орындауды қамтамасыз ету, адамдардың өміріне немесе денсаулығына тікелей қатерді, авария немесе техногендік апат қатерін болғызбау мақсатында уәкiлеттi лауазымды адам өз өкiлеттiктерi шегiнде жеке тұлғаға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етудің шараларын қолдануға, соның ішінде жеке тұлғаның алкогольден, есiрткiден немесе уытқұмарлықтан масаң күйiн медициналық куәландыру шарасын қолдануға құқылы.

Егер сіздерге өкілетті органдардың лауазымды тұлғалары алкогольден, есiрткiден немесе уытқұмарлықтан масаң күйiн медициналық куәландыру шарасын қолдануына байланысты адвокаттың құқықтық көмегі қажет болса, Нұр-Сұлтан қаласының адвокатымен мына телефондар арқылы хабарласыңыз:

+7 (7172) 35-65-19; +7 775 380 96 52.