ОТБАСЫ-ТҰРМЫСТЫҚ ҚАТЫНАСТАР АЯСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚҚА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТТЕРГЕ ШАҒЫМДАНУ БОЙЫНША АДВОКАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер

ҚР ӘҚБтК-ның 73 бабы, 1 бөлігіне сәйкес құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – ескерту жасауға не үш тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.

Осы, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – он тәулiкке дейiнгі мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.

ҚР ӘҚБтК-ның 50-бабының екінші бөлiгiне сәйкес әкiмшiлiк қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР ӘҚБтК-ның мақсаты үшін отбасы-тұрмыстық қатынастар деп ерлi-зайыптылар, бұрынғы ерлi-зайыптылар, бiрге тұратын немесе бiрге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар түсiнiледi. 

Егер сіздерге отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерге шағымдану бойынша адвокаттың құқықтық көмегі қажет болса, Нұр-Сұлтан қаласының адвокатымен мына телефондар арқылы хабарласыңыз:

+7 (7172) 35-65-19; +7 775 380 96 52.