Іздеу нәтижелері

Сіздің іздегеніңіз: келтірілген зиянды өндіру бойынша адвокат

Табылғаны: 1

Келтірілген зиянды өндіру бойынша құқықтық қызметтер

Санат: Адвокаттың азаматтық істер бойынша құқықтық қызметтері

Келтірілген зиянды өндіру бойынша Нұр-Сұлтан қаласы адвокатының құқықтық қызметтері 

Зиян – ол заңмен қорғалатын мүліктік немесе мүліктік емес игіліктердің кемуі.

Мүліктік зиян – жәбірленушіге келтірілген шығындардан тұрады (яғни зақымдау,  бұзу, жәбірленушінің мүлкінің нақты кемуі немесе ол мүліктің күйінің сапасның нашарлауы, және оны сатып алу, қалпына келтіру үшін жәбірленушінің қосымша шығындану ақы төлеуін қажет етуі).

Денсаулыққа келтірілген зиян - бұл ағзаның (тіннің) анатомиялық тұтастығының немесе олардың физиологиялық қызметінің (дене жарақаттары) бұзылуы, немесе әртүрлі сыртқы ортаның факторларының – механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, психогендік әсерінен болған аурулар немесе патологиялық жағдайы.

моральдық зиян – жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы, оның iшiнде өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан жәбiрленушiнiң, ал осындай құқық бұзушылық салдарынан ол қайтыс болған жағдайда – жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.).

Зиян келтіру күнделікті өмірде, мысалы өндіріс аясында, көлік құралдарының пайдаланылуынан, қауіпті заттармен, жануарлармен, тауарларды сатудан, жұмыстар мен қызмет көрсетуден, лауазымды тұлғалардың, қызметкерлердің, жұмысшылардың, азаматтардың заңсыз іс-әрекеттерінің салдарынан және басқа да жағдайлардан туындауы мүмкін.

Зиян келтіргені үшін жауаптылық, азаматтық құқықта – азаматтың жеке басына немесе мүлкіне не заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіргені үшін зиян келтірушінің жәбірленушіге оны толық көлемде өтеуге міндеттілігі бекітілген.

Мысалы, ҚР АК 917-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтар мен заңды, тұлғалардың мүліктік немесе мүліктік емес игіліктері мен құқықтарына заңсыз іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) келтірілген мүліктік және (немесе) мүліктік емес зиянды, оны келтірген тұлға толық көлемде өтеуі тиіс.

Заңда реттелмеген кейбір жағдайлар, тараптардың арасындағы шарттарда зиян келтірушінің жәбірленушіге зиянның өтеуінен тыс өтемақы төлеуге міндеттілігі белгіленуі мүмкін.

Заң талаптарына сәйкес зиян келтірген адам өзінің кінәсіз екенін дәлелдеген жағдайда зиянды өтеуден босатылады.

Егер зиян жәбірленушінің өтінішімен немесе келісімімен келтірілсе, ал зиян келтірушінің әрекеттері қоғамның адамгершілік қағидаттарын бұзбаған болса, ол зиянды өтеуден босатылуы мүмкін.

Қажетті қорғаныс жағдайында келтірілген зиян қорғаныс шегінен шығып кетпесе, өтелмейді.

Аса қажеттілік жағдайда келтірілген зиян, яки зиян келтірушінің өзіне немесе басқа адамдарға төнген қауіпті жою үшін жасалған әрекеттерден келтірілген зиян, бұл қауіп басқадай жолмен жойылмайтын болған жағдайда, өтелуге тиіс.

Мұндай зиянның келтірілуіне себеп болған мән-жайды ескере отырып, сот оны өтеу міндеттілігін үшінші бір адамға (зиян келтіруші соның мүддесі үшін әрекет еткен болса) жүктеуі мүмкін.

Жұмыс беруші, яки заңды тұлға немесе азамат өзінің қызметкері еңбек (қызмет бабындағы, лауазымдық) міндеттерін орындау кезінде келтірген зиянды өтеуге міндетті.

Жалпы заң талаптары бойынша, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ, олардың лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) салдарынан, соның ішінде заңға немесе өзге құқықтық актіге сай келмейтін акт шығаруы салдарынан азаматқа немесе заңды тұлғаға келтірілген зиян өтелуі тиіс.

Заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, қылмысты болдырмау шарасы ретінде қамауда ұстауды не кетіп қалмауға қолхат алуды заңсыз қолдану, тұтқындау немесе түзеу жұмыстары түріндегі әкімшілік шараларды заңсыз қолдану әрекеттері салдарынан келтірілген зиян өтелуге жатады.

14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілік олардың ата-аналарына, асырап алушыларға, қамқоршыларына, қорғаншыларына жүктеледі.

14 жастан 18 жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар өздерi келтiрген зиян үшiн жалпы негiздер бойынша дербес жауап бередi.

14 жастан 18 жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар Зиянды өтеу үшiн жеткiлiкті мүлкі немесе өзге кiрiс көздерi болмаған жағдайда, егер олар зиянның өз кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, зиянды толық немесе оның жетпей тұрған бөлiгiн заңды өкілдері өтеуге тиiс.

Егер 14 жастан 18 жасқа дейiнгi қамқоршылыққа мұқтаж кәмелетке толмаған адам тиiстi тәрбиелеу, емдеу мекемесiнде, халықты әлеуметтiк қорғау мекемесiнде немесе заңға орай оның қамқоршысы болып табылатын сол сияқты басқа да мекемеде болса, зиян өздерiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, зиянды толық немесе оның жетiспей тұрған бөлiгiн сол мекемелер өтеуге мiндеттi.

Заңды өкілдердің және тиiстi мекеменiң зиянды өтеу жөнiндегi мiндетi зиян келтiрушiнiң кәмелетке толуы бойынша немесе онда кәмелетке толғанға дейiн зиянды өтеуге жеткiлiктi мүлiк немесе кiрiс көздерi пайда болса не ол кәмелетке толғанға дейiн әрекет қабiлеттiлiгiне ие болса тоқтатылады (ҚР А Кодекстiң 17-бабының 2-тармағы, 22-1-бабы).

Әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат келтірген зиян үшін жауаптылық қорғаншыға немесе оны қадағалауға міндетті ұйымға жүктеледі.

Маскүнемдікке салыну немесе есірткіқұмарлық салдарынан әрекетке қабілеті шектелген азамат келтірген зиянды оның өзі өтейді.

Егер жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына зиян келтірілсе, сот жәбірленуші мен зиян келтірушінің мүліктік жағдайын, басқа да мән-жайларды ескере отырып, зиянды толық не ішінара өтеуді зиян келтірушіге міндеттейді.

Ал өз әрекетінің мәнін түсіне алмаған жағдайға маскүнемдікпен, есірткі заттарын қолданумен, басқа да тәсілдермен өзін-өзі жоғарыдағыдай жағдайға келтірген зиянкес жауаптылықтан босатылмайды.

Қызметі қоршаған ортаға жоғары қауіп төндіретін заңды тұлғалар мен азаматтар келтірілген зиянды (бұл зиянның еңсерілмейтін күш немесе жәбірленушінің қаскүнемдігі салдарынан болғанын дәлелдей алмаса) өтеуге міндетті.

Бірлесіп зиян келтірушілер жәбірленуші алдында бірге жауап береді.

Егер сіздерге зиян келтіру құқықтық қарым-қатынастарына байланысты, өкілетті мемлекеттік органдарда істеріңізді жүргізуге байланысты білікті маманның құқықтық көмегі қажет болса, Нұр-Сұлтан қаласының адвокатымен мына телефондар арқылы хабарласыңыз: +7 (7172) 35-65-19; +7 775 380 96 52.