Балаларға алименттерді өндіру туралы

Балаларға алименттерді өндіру туралы

ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес ата-аналар өздерінің кәмелеттік жасқа толмаған балаларын асырап бағуға міндетті. Баларын асырап күтім көрсету тәртібі мен нысанын ата-аналар өз еріктерімен анықтайды. Осы орайда ҚР заңнамасы ата-аналарға өз балалрын тірбиелеу және асырап күтуге тең дәрежелі құқықтар беріп, міндеттер жүктейді.  

Ата-аналарының біреуінің кәмелеттік жасқа толмаған және кәмелетік жасқа толған бірақ жиырма бір жасқа дейінгі жалпы орта, техникалық және кәсіби ортатадан кейінгі білім беру, жоғарғы білім беру, жүйелеріндегі күндізгі оқу нысаны бойынша оқып жатқан өз балаларын асырап күту міндетінен қашқақтауы екінші адал ата-ананың біреуінің сот тәртібі бойынша блаларды күтіп қарауға кететін шығыстарды өтеп алуына негіз болады.  

Атана-аналар арасында кәмелетке толмаған балалрға алименттерді төлеу бойынша даулардың туындауына байланысты және алименттерді жалақыға немесе басқа да табысына қатысты үлесі бойынша өндіру мүмкін емес, қыйндық тудыратын неме тараптардың біреуінің мүддесін елеулі түрде бұзатын  жағдайларда, тараптар сот тәртібі бойынша ай сайнғы өндірілетін алименттердің көлемін нақты ақша көлемінде, немесе қатарынан үлес пен нақты ақаша көлемінде анықтап алуларына болады. 

Мұндай жағдайларға жалақысы немесе басқа да табысы бір қалыпты емес ауысып тұратын немесе ата-ана жалақыны немесе басқа да табыстың толық мөлшерін немесе бөлігін заттай алатын ата-аналар жатады.  

Егер ата-аналардың әрқайсысымен тұратын балалар болса, ата-ананың біреуінен  жағдайы төменірек екіншісінің пайдасына өндірілетін алименттердің көлемі, айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне қатысты нақты ақшалай көлемде, баланың бұрынғы қамтамасыз етілуін барынша сақтап қалатындай есеппен тараптардың отбасылық және материалдық,  басқа да ескеруді қажет ететін мән-жайлар мен жағдайларын ескере отырып анықталады. 

Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде:

бір балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің - төрттен бір бөлігін;

екі балаға - үштен бір бөлігін;

үш және одан да көп балаға тең жартысын өндіріп алады.

Бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып, кемітуі немесе көбейтуі мүмкін.

Осылайша өз міндетін адал атқарушы ата-ана алименттерді өндіру үшін кез келген уақытта егер бұрын алименттерді алмаған болса, мұндай жағдайдың туындаған кезінен бастап сотқа алименттерді өндіру туралы талап арыз беруіне болады. 

Алимент алуға құқығы бар адам, егер бұрын алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төленбеген болса, алимент алу құқығы туындаған кезден бастап өткен мерзімге қарамастан, сотқа алимент өндіріп алу туралы өтініш жасауға құқылы.

Алимент сотқа өтініш жасалған кезден бастап тағайындалады. Егер сотқа өтініш беруден бұрын күтіп-бағуға қаражат алу шаралары қолданылғанын, бірақ алиментті төлеуге міндетті адамның оны төлеуден жалтаруы салдарынан алимент алынбағанын сот анықтаған болса, сотқа өтініш жасалған кезден бастап үш жыл мерзім шегінде өткен кезеңге алимент өндіріп алынуы мүмкін.

Алименттерді сот тәртібі бойынша өндіру, сотқа алименттерді өндіру туралы талап арыз немесе сот бұйрығын шығару туралы арыз беру арқылы жүзеге асырылады. 

Сот бұйрығы негізінде тек қана әкесін анықтауды қажет етпейтін жағдайдағы, кәмелетке толмағандарға арналған алименттер өндіріледі.  

Ата-аналардың арасында алименттер бойынша дау тудыратын қарымқатынастар болса, әкелікті анықтау қажеттілігі бар жағдайларда және басқа да талаптар болған кезде, алименттерді өндіру талап арыз беру негізінде іс жүзіне асырылады.

Барлық сот актілері соның ішіндегі заңды күшіне енген бұйрықтары мен шешімдері орындауға міндеттейтін күштері бар, олардың негізінде борышкердің жұмыс орны бойынша, мәжбүрлі түрде орындату үшін әділет органдарына немесе жеке сот орындаушыларға жіберілетін орындау парағы беріледі. 

Орындау парағы негізінде Жұмыс беруші ай сайын борышкердің жалақысынан немесе басқа да табыс көзінен алименттердің сомасын ұстап қалып, алименттерді өндірушінің есепшотына аударуға міндетті.

Ақшаны аудару шығыстары алименттерді төлеуге міндетті тұлғаның есебінен орындалады. Алименттер тек қана жалақыдан не басқа да табыс көзінен,  ұсталып қана қоймай жалақы төленген уақыттан бастап, үш күн мерзімінен кешіктірілмей алименттерді өндірушіге аударылуы қажет.

Жұмыс беруші борышкердің жалақысынан, басқа да табыстарынан ұсталған алименттерді аудару мерзімін кешіктіргені үшін жауап береді. 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                         

Advokat
0