Жолдағы көліктік оқиға болған жағдайларда көлік жүргізушілер не істеу керек?

Жолдағы көліктік оқиға болған жағдайларда көлік жүргізушілер не істеу керек?

Жол-көлік оқиғасы кезінде оған қатысы бар жүргізуші:

ҚР Жол жүрісі қағидалары талаптарына сәйкес көлік құралын дереу тоқтатуға (орнынан қозғамауға), авариялық жарық сигнал беруін қосуға және авариялық тоқтау белгісін (жанып-сөнетін қызыл фонарь) қоюға, оқиғаға қатысы бар заттарды қозғамауға;

зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету үшін ықтимал шараларды қолдануға, жедел медициналық жәрдем шақыруға, ал шұғыл жағдайларда зардап шеккендерді жол-жөнекей көлікпен жөнелтуге, егер бұл мүмкін болмаса, өзінің көлік құралымен жақын жердегі емдеу мекемесіне жеткізуге, өзінің тегін, көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін хабарлауға (жеке басын куәландыратын құжатты немесе жүргізуші куәлігін және көлік құралына берілген тіркеу құжатын көрсете отырып) және оқиға болған жерге қайтып келуге;

болған оқиға туралы жақын жердегі ішкі істер органына дереу хабарлауға, оны көргендердің тектері мен мекенжайларын жазып алуға және ішкі істер органдары қызметкерлерінің келуін күтуге;

егер басқа көлік құралдарының жүруі мүмкін болмаса, жолдың жүру бөлігін босатуға;

жолдың жүру бөлігін босату қажет болған кезде оқиғаға қатысы бар көлік құралының орналасуын, іздер мен заттарды куәлардың қатысуымен алдын ала белгілеп, оларды сақтауға барлық ықтимал шараларды қолдануға және оқиға болған жерді өзгелердің айналып өтуін қамтамасыз етуге міндетті.

Болған оқиғаға кінәлі көлік жүргізушісі басқа көлік жүргізушінің көлігіне аса елеулі зақым келтірілмеген жағдайда арадағы дауды оқиға болған жерден кетпей тұрып, келісіп шешкені тиімдірек екенін білгені жөн. Яғни көлігіне зақым келтірілген көлік жүргізушісімен келтірілген зиянды татулықпен өтейтіні туралы келісім жасаған жөн. Олай болмаған жағдайда жол-көлік оқиғасын ресімдеу кезінде, жол жүріс қағидасын бұзғандықтан салынған айып пұлды, көлігіне зақым келген көлік жүргізушінің шығындарын, (салықтық баж құқынын, адвокаттың құқықтық қызметкөрсету ақысын, көлікке келтірілген зиянның құнын бағалау) нақты келтірілген материялдық және моральдік шығындардың құнын сот талап арызды қанағаттандырған жағдайда төлеуге тура келеді. 

ЖКО-дан жәбірленуші тарапқа, оқиға болған жерден кетпей тұрып, ЖКО бойынша кінәні мойындап, материалдық шығындарды өтеу туралы жазбаша келісім жасап қол қойдырып, алуды есте сақтауы қажет.  

Сонымен қатар ЖКО кезіндегі көлік құралдарының қалай орналасқандығын фото және бейнежазба құралдарына түсіріп, бекітіп алған жөн, өйткені, ЖКО болған жерден кетіп қалғаннан кейін әр түрлі себептерге байланысты тараптар оқиға болған жерден кетіп қалғаннан кейін, көліктердің ЖКО болған кездегі орналасу жағдайн қалпына келтіре алмайтын кезде, өздерінің ерікті түрде келтірілген шығынды өтеу туралы алдыңғы берген келісімдерінен айнып, кететіндігі жиі кездесіп тұрады. 

Advokat
0
1

Түсініктемелер

Тек қана атын енгізіп кірген қолданушылар өздерінің түсініктеме пікірлерін қалдыра алады Кіру