Астана адвокаты - Мелдебеков Ерғали Рысбекұлы
Астана адвокатының жеке сайтына қош келдіңіздер!
Егер сіз адвокаттан ақылы жедел құқықтық кеңес алғыңыз келсе, адвокатпен мына телефон арқылы хабарласыңыз: +7 775 380 96 52
Мен сіздің мәселеңіздің шешімін табамын, немесе заңгерлердің қызметіне уақытыңызды кетіріп, ақшаңызды шығындаудың қажеті жоқ екендігін бірден айтамын.
Құрметті осы сайтқа кіруші азаматтар, Астана адвокатынан тегін құқықтық кеңес алу үшін, осы сайт бетіне өз сұрақтарыңызды жазып, қалдырсаңыздар болады.
Сайттың осы бетіне өз сұрақтарыңызды, сұрақтарға берілген жауаптар бойынша пікірлеріңізді, адвокат туралы пікірлеріңізді және басқа да тілектеріңізбен өтініштеріңізді жазып енгізіңіздер.
Сұрақтарыңызды, пікірлеріңізді және басқа да өтініштеріңізді енгізу үшін алдымен мына (ТІРКЕЛУ) сілтемесін басып, осы сайтқа тіркеліп, түсініктемелер алаңқайына өз сұрақтарыңызды енгізіңіздер. Адвокаттан және басқа да сайтқа кірушілерден өз сұрақтарыңызға түсініктеме және талқылау ретінде жауаптар аласыздар.
АСТАНА АДВОКАТЫ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕР
Advokat
Куралай
Advokat
gulbanu
Advokat
Бұл тармақтың мағынасы бойынша қандай жағдайда сый берушi өз уәдесінен бас тартып, шартты орындамауға құқылы екені көрсетілген. Яғни сіздің сұрағыңыз бойынша қарапайым тілмен айтқан кезде егер, сыйға тартқан әкесінің жағдайы тым нашарлап, жылжымайтын мүлікті сый бере алмайтындай халге түскен жағдайда шартты орындамауына құқығы бар. Қыз кәмелеттік жасқа толмағандықтан ата аналарының ортақ келісімі негізінде іс жүзіне асырылады.
Мұндай жағдайларға байланысты тараптар арасында туындаған дау болса, онда мұндай даулар сот арқылы шешіледі. Некені бұзу кезінде әкесінің жағдайы жақсы болып тұрса, яғни табысы өмір сүруіне жеткілікті болып, тұратын баспанасы болып тұрған жағдайда, тек қана неке бұзылуы себебінен шартты бұзуға құқығы жоқ.
Асель
Advokat
Сәлеметсізбе. Менің баламды балабакшадан шығарып жіберіпті біз кктеміз өтініш ештеме жазбадык. Бүгін барайын десем ана жолы шакырганда келмедіңдер сосын орнына бала алдык дейді, олар солай істеуге құқылыма
__________________________
Саламатсыз ба Асель! Сіздің мәселеңіз бойынша, балабақша мен араларыңыздағы келісім-шартта қандай жағдайлар қойылғанына, қандай себеппен балабақшаға балаңызды алып бармағаныңызға байланысты. Егер балаңыздың науқастанғанына немесе басқа да себепті жағдайларға байланысты алып бара алмаған болсаңыз, онда балабақшаның әрекеті дұрыс емес. Басқа жағдайларда келісім-шарт талаптарына сүйенген жөн. Балабақша әрекетін заңсыз деп ойласаңыз, тұрып жатқан жердегі білім басқармасына, прокуратураға немесе сотқа арыз беріп, шағымдануыңызға болады.
Азамат
Advokat
саламатсызба менің сұрағым каспи банте қарызымды өтеуге шамам болмады арада 10 жыл өтіп кеткені бар сізден сұрайын дегенім сотқа талап арыз жазыу керекеді үлгіссің бере аласыз ба қарыздын өндіріс уақыты өтіуіне байланысты 87713621398
_____________________________________
Сламатсыз ба Азамат!
Осы сайттың АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ/АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР/ҚҰЖАТТАРДЫҢ ҮЛГІСІ мәзір атаулары арқылы өтіп, өзіңізге қажетті талап арыз үлгісін жүктеп алуыңызға болады.
Майра
Advokat
Істеріңізге сәттілік. Қызымның кредиті жұмысы қысқаруына байланысты 7 жылдай төленбей, қалған еді. Енді каспи голдыны бұғаттап, жилстройдан жеке сот орындаушы қызметі үшін деп ешқандай есертпестен ақша шешіп алған. Барлық төлеуге тиісті суммасы 580 мың тг енді осыны төлейін десе сот орындаушы ұстап қалған ақша қайтарылмайды, қызметі үшін ұстап қалады дейді. Корректорлық ұйым да, сот орындаушы да ешқандай ескерту бермеген. Алдыңғы айда 40мың төлеген.
_______________________________________________________
Саламатсыз ба Майра! Сот орындаушының немесе коллекторлық ұйымдардың заңсыз әрекеттері бойынша прокуратураға және сот органдарына шағымдануға құқығыңыз бар. Сот шешімінсіз сіздің картаңыздан немесе есепшотыңыздан ақша алуға ешкімнің құқығы жоқ. Сот шешімі болған жағдайда жалақыңыздың немесе басқа да ай сайын түсетін табысыңыздың 50% пайызынан артық мөлшерін ұстап қалуға құқықтары жоқ.
Майра
Жансая
Ақгүл
Advokat
Сіздерге көп рақмет! Істеріңіз оң болсын!
___________________________
Сізге де рахмет! істеріңізге сәттілік тілеймін!
Advokat
Саламатсызба. Мені бір телефон номер беймезгіл уақытта звандап. Анайы сөздер айтып мазалап жүр. Мен ол адамды не номерді мүлде танымаймын. Мен ол телефон номердің атына арыз жазуыма болама. Бір шара қолдануға болады ма?
______________________________________________________
Саламатсыз ба Жансая! Өзіңізді мезгілсіз мазалап, телефон шалатын адамға қарсы полицияға шағымданып, арыз жазсаңыз болады. Полиция қызметкерлеріне телефоныңызды тыңдауға келісім берсеңіз, балағат сөздер айтатын адамның сөзін өздері жазып алып, жауапкершілікке тартады.
Advokat
Саламатсыз ба?Менин атымнан зансыз турде онлайн займнан акша алу орын алды.Казирги танда менин счеттарым арестте тур.Менин атымнан акша алган адам енди табылды.Рувд га барып арыз берейн десем,акша Алматы каласынан алыныпты,енди сол калага барып арыз бериниз дейди.Бирак менин тургылыкты жерим Туркистан облысы.Арыз жазу тургылыкты жерге карай ма?Учаскелик полицейге барсам арызынызды кабылдау ушин тергеу басшысына жолыгыныз дейди.
____________________________________________________________________________________________________________
Саламатсыз ба Ақгүл! Мұндай жағдайда арызыңызды онлайн жүйесін пайдаланып, цифрлы қол қою арқылы жіберсеңіз болады. Бірақ түбінде полицияға барып, сұрақтарына түсініктеме ретінде хаттамаға қол қойып жауап беруіңіз қажет болады. Негізі мұндай жағдайда адвокат жалдағаныңыз дұрыс өйткені қыйындық тудыратын жағдайларды адвокат жеңіл шешіп бере алады. Қазір онлайн жүйесі арқылы көп мәселені адвокаттар қашықтан шеше алады. Адвокаттың өтініші бойынша сізден сұрақ алуды тұрғылықты жердегі полициялардың ұйымдастыруымен өткізуге де болады.
Гульмира
Advokat
Сəлеметсіздерме? Мен несие алғам 7 жыл бұрын себептермен толей алмадым Коллекторға өтіп кетті қалай жапсам болады
__________________________________________________________________________________________________________
Cаламатсыз ба Гульмира. Адвокаттан заңға қатысты мәселелер бойынша кеңес алған дұрыс. Қарыздарыңызды қалай жабатындарыңыз туралы, ақшаны кімнен қай жерден алу туралы, қалайй жұмыс істеп, ақша табу туралы адвокат кеңес бере алмайды бұл құқықтық сұрақтарға жатпайды.
Заң талаптарына сәйкес банктен неме басқа да несиелік ұйымдардан алған қарыздарды қайтару қажет. Бірақ коллекторлық ұйымдардың қаншалықты заңға сәйкес әрекет етіп жатқанын айту үшін несиеге қатысты құжаттарды толық тексеру қажет. Несиеге қатысты құжаттарды қарап, зерттемей кеңес беру мүмкін емес.
Арала
Advokat
Сәлеметсіз бе. Сізге қойар сұрағым, онлайн калай арыз берем толықтай түсіндіріп жебересіз ба? Және 875 теңгені калай төлеу жолдарында айтып жеберсеңіз. Сізге көп көп рахмет
_________________________________________________________________________________________
Саламатсыз ба Арала !
Сіздің сұрағыңыз бойынша, егер сотқа талап арызды электронды форматта жіберу қажет болса онда, мына мекен-жайдағы
"https://office.sud.kz" сот кабинеті сайтына электрондық санды қол қою арқылы тіркеліп, қажетті қызметтерді таңдау арқылы жібересіз.
Басқа мемлекеттік органдарға электрондық форматтағы арыздарды, шағымдарды, өтінішхаттарды https://egov.kz/ сайтына электрондық санды қол қою арқылы тіркеліп, электронды өтініштер бетіне өту арқылы жіберуге болады. Талап арыз беру кезінде мемлекеттік бажды кез келген банк арқылы соттың банктік реквизитерін көрсетіп төлейсіз, немесес сот кабинеті арқылы талап арызды беру кезінде көрестілген тәртіп бойынша төлесеңіз болады. Егерде осы түсініктеме аз болса онда адвокаттың ақылы көмегіне жүгінгеніңіз дұрыс өйткені електрондық арыз беруге байланысты барлық жағдайды түсіндіріп, жазу құқықтық мәселеге жатпайды.
Тимур
Марианна
Advokat
Саламатсызба, мен бурын Альнс банктен 800,000тг дей кредит алып кейн бир себептермен толей алмай калган едим 570000тг дей калган еди, енди сол бираз жылдар откен сон Алматы Гроуп деген коллектрлер кайттан 1 миллионга осирип жиберипти енди соны карточкамнан устап жатыр айлыгымнан 50 пайыздан, сурайын дегеним устине осип кеткен пайызы коп болып тур соны алдырта аламынба?
__________________________________________________________________________
Саламатсызба, Тимур! Сіздің мәселеңіз бойынша іс материалдарымен танысу қажет, коллекторлық компанияның әрекетінің қаншалықта заңды екенін тексеру қажет, сонымен қатар олардың әрекеттері сот шешіміне негізделген бе жоқ па соны біліңіз. Егер сот шешімі жоқ болса онда олардың әрекеттері заңсыз. Сот шешімі болған жағдайда, сол сот шешіміне шағым келтіру қажет.
Advokat
Саламатсызба Жаңадан көшіп барған тұрғын үй иесінің ауласына көршілерінің палаткасының жартысы кіріп кеткен жағдайда, палатканы өз территориясынан алдыртып тастауға құқылыма, көршілеріне ескерткен кезде, олар бұрынғы тұрғын үй иесімен келісіп,палатканы салған болсада, қазіргі тұрғын алдыртып тастауға құқылыма
__________________________________________________________________________
Саламатсыз ба Марианна ! Сіздің жеке меншігіңізге кіретін, мемлекеттік органдарда тіркелген құқықтық құжаттар бойынша белгіленген жобаға сай келетін аулаңыздың ішіне сіздің келісіміңізсіз ешкім өз затын мүлкін орната алмайды, орнатылған заттар құрылыс нысаны сіздің жазбаша талабыңыз бойынша ауладан алынуға тиіс. Талабыңыз орындалмаған жағдайда сот арқылы мәжбүрлеп алдыртуыңызға болады.
Елшат
Дамир
Мен ЖШС-ке бас есепші болып 15.02.2021 жылы жұмысқа кірген едім. Алайда бухгалтерлік есеп-қисаптардың дұрыс жүргізілмегеніне байланысты мен өз еркіммен жұмыстан 15.03.2021 жылы кететінімді ескерткен болатынмын. Алайда сол аралықта істеген жалақымды түрлі сылтаулар айтып әлі күнге дейін төлемей келе жатыр. Еңбе инцпекциясына арыз жазған болатынмын, алайда кіші бизнеске мараторинг тексере алмаймыз деп жауап берді. Сотқа қалай арыздансам болады? баптарын қалай келтірсем болады?
Advokat
Саламатсызба... Мен жер уй сатып алганмын, ортак жолды 2 уйге кыретын коршы оз участкесыне костырыып алган маган кыретын жол жок ал кужат бойынша жол корсетылып тур, коршы маган 2сот жерынды бер потом жолды беремын дейды... Менде жерым занды... Кай зан мен кудалауга болады
_______________________________________________________________________
Саламатсызба Елшат! Сіздің мәселеңіз бойынша, екі жақтың арасында жер мәселесі, оның ішінде арадағы жол белгілерін негізсіз бұзу бойынша сотқа жүгіну арқылы мәселені шешу қажет. Нақты қандай заң нормаларын қолдану қажеттілігі тек қана істің мән-жайын толық тексергеннен кейін анықталады, адвокаттың көмегіне жүгінген дұрыс.
Advokat
Мен ЖШС-ке бас есепші болып 15.02.2021 жылы жұмысқа кірген едім. Алайда бухгалтерлік есеп-қисаптардың дұрыс жүргізілмегеніне байланысты мен өз еркіммен жұмыстан 15.03.2021 жылы кететінімді ескерткен болатынмын. Алайда сол аралықта істеген жалақымды түрлі сылтаулар айтып әлі күнге дейін төлемей келе жатыр. Еңбе инцпекциясына арыз жазған болатынмын, алайда кіші бизнеске мараторинг тексере алмаймыз деп жауап берді. Сотқа қалай арыздансам болады? баптарын қалай келтірсем болады?
______________________________________________________________________
Саламатсыз ба! Бұл сайт беті Заңдарды қалай оқу қажеттігі туралы, немесе талап арызды қалай жазу қажеттілігі туралы сабақ жүргізуге арналмаған. Заң нормаларына қатысты, өздеріңіздің құқықтарыңыздың бұзылуына байланысты нақты сұрақтарды қойғандарыңыз жөн. Талап арызды жауапкер ЖШС-тің орналасқан жері бойынша, сот кабинеті арқылы немесе почта арқылы бересіз. Осы сайт бетінде талап арыз үлгілері бар, жүктеп алып, үлгіге ұқсас етіп жазсаңыз болады. талап арызды жаза алмаймын деп күдіктенсеңіз адвокаттың көмегіне жүгініңіз. Адвокат өзі жазып, сотқа тапсырады.
Эльмира
Ерке
Нургуль
Юлия
Юлия
Дина
Меруерт
НУРИК
Маниса
Дилфуза
Дилфуза
Gulchekhra
Гульзипа
Гульзипа
Аружан
Мен бір онлайн курс алып едім, графикалық дизайнер деген 75 мың теңгеге (рассрочкаға 12 айға) бірақ курс көңілімнен шықпады. Курстағы менеджердің айына 200 мың теңге табасыз , ешқандай уайым болмайды деген сөздеріне алдандым , олар егер курс ұнамаса , ешқандай пайда әкелмесе курстан шығарып барлық ақшаны қайтарып береміз деген болатын .
Енді оларға соны айтып жазсам сізге ақшаңыз қайтарылмайды , сіз рассрочкаға алғансыз банкпен деп айтты . Мен қайта қайта жазсам да жауап бермейді. Тек мен ғана емес тағы 6 адам бар осылай жүрген бәрінің жағдайы осындай
Кімдікі дұрыс? Нестесек болады ? Ақшамызды қайтарып алғымыз келеді.
Алдын ала рахмет
зейнеп
Дина
Менің жолдасым 2006 жылы жол апатынан қайтыс болған Үш балама содан бері әлеуметтік көмек алғанбыз Былтыр 2021 жыоы үлкен қызым колледжде оқып жүргенде 18 жасқа толған бойда оған бөлінетін ақшаны тоқтатып тастады. Ол қазір де жоғарғы оқу орнына оқуға түсті.
Енді биыл ұлым осы алдағы қыркүйек айында 18-ге толады Ол да колледждің 2-курс студенті Енді оның ақшасын да тоқтатып тастайтвн болар
Үшінші қызым мектепте 10-шы сыныпқа өтті
Балаларымның үшеуі де оқиды Олардың әлеуметтік еөмекті тоқтатуы заңды ма?
Маған сіздің кеғесіңіз керек боп тұр ,айта аласыз ба __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Олардың оқып жүрген жерінен анықтама апарсаңыз 21 жасқа дейін әлеуметтік көмек төлеу мерзімін ұзартулары тиіс
Дина
Нико
Гульзипа
Автокөлікті иемденуге,қарыздарын төлеуге,сатуға құқық беріп доверенность жазып берген.Ал доверенность алған адамнан менің күйеуім,доверенность ке сеніп автокөлікті сатып алған.Күйеуімнен алған ақшаны каспий банкіге құйып,учеттан шығарып беремін деген уәдесіне тұрмаған,себебі ақшаны банкіге құймаған.1-жылдан аса уақыт менің күйеуімді әр түрлі себептермен алдап келеді.Менің сізден сұрайтыным,автокредиттегі көлікті қаншалықты заңды 3-ші тұлғаға доверенностпен бере салуға,ал нотариус неге анықтама қағаз талап етпей екеуара келісім негізінде доверенность жазып бергені қаншалықты заңды.Қвндай қадамдар жасауға болады,маған құқықтық көмек беріңізші,жауабыңызды күтемін
Куат
Венера
Ботакөз
Бексұлтан
Бексұлтан
Нагима
Еримбетова Айман
Умит
Адвакат жалдадым, адвакат жумысты жургызу барысында, жаксы жумыс жургызды, арадан 2 жыл откызып кайта жумысты жургызе алмайтынын айтып, акшамнын жартысын кайтарып берды. Менын кудыгым адвакатым соларга кызмет жасады деген кудыктемын. Канша адамнын акшасын иемденып алып, рахатына жур. Адвакатым толык жумыс жургызбеды, кылмыстык ыс корер козге анык. Чектер тур, канша адамнан акша жинап алганын, оз тусыныгынде корсеткен жауапкер. Адвакатым кылмыстык ысты 3 жыл созып, сонында жумыс жасамай койды. Кылмыстык ыс 190 баппен козгалган. Осындай кылмыстык ысты кайта карауга комектесе аласыздарма?
Айжан