Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша адвокаттың құқықтық қызметтері

Нұр-Сұлтан қаласы адвокатының тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша құқықтық қызметтері

Тұтынушы - жеке, отбасында, үй ішінде және кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес өзге де пайдалануға ғана арналған тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) тапсырыс беру немесе соларды сатып алу ниеті бар не тапсырыс беретін, сатып алатын және (немесе) пайдаланатын жеке тұлға; (Қ Р "Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы" заңының 1 бабы, 15)-ші тармақшасы).

Тұтыныушылардың құқықтарын қорғау ретінде заңнамамен кепілденген тұтынушылардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған кешенді іс-шараларын, яғни оларды бұзған  жағдайда тұлғаларды жауапкершілікке тарту жолымен келтірілген материалдық және моральдік шығындарды тұтынушыға өндіріп беру қарастырылған. 

Нұр-Сұлтан қаласы адвокатының тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша көрсетілетін қызметтерінің негізгі түрлері:  

сапасы төмен тауар, қызмет, жұмыс түрлеріне, төленген ақшаны қайтару немесе  басқа тауарға ауыстыру;

сатушыдан, құрылыс компанияларынан, туристік фирмалардан, медициналық мекемелерден және басқа да ұйымдар мен кәсіпкерлерден моральдік және материалдық зиянды өндіру. 

Егерде сіздің құқығыңыз тұтынушы ретінде міндеттерін дұрыс орындамайтын сатушылармен, тауар немесе қызмет, жұмыс түрлерін ұсынушылармен бұзылған болса, онда асығу қажет, өйткені сапасыз тауарды қайтару, ауыстыру және өз құқығыңыз бойынша сот тәртібімен не болмаса басқа да тәртіппен шағымданып, дауласу мерзімі шектеулі.

сот органдары мен басқа да органдарға шағымдану үшін заңнамамен бекітілген мерзімнің өтіп кетуі сіздің талаптарыңыздың қанағаттандырусыз қалдырылуына негіз болады.

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ АДВОКАТЫ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫРЫН ҚОҒАУ БОЙЫНША КЕЛЕСІ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІН АТҚАРАДЫ:

сатып алынған тауар, қызмет, жұмыс түрлерін қайтару;

тауар, қызмет, жұмыс түрлерінің төленген құнын қайтару;

денсаулыққа келтірілген зиянды өндіру;

сапасыз тауар, қызмет, жұмыс түрлерін сапалы тауар, қызмет, жұмыс түрлеріне ауыстыру;

материалдық зиянды өтеу;

моральдік зиянды өтеу;

кепілденген қызмет мерзімі шегінде бұзылған құқықтарды қалпына келтіру;

арыздарды, шағымдарды, талап арыздарды және басқа да құжаттарды жазып әзірлеу;

тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы талап арыз беру;

сотта, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарда азаматтардың мүдделерін қорғап, өкілдік ету;

сот актілері бойынша атқарушылық іс өндірісі бойынша азаматтардың мүдделерін қорғап, өкілдік ету.

Егер сіздерге тұтынушылардың құқықтарының бұзылуы салдарынан қаралатын азаматтық істер бойынша, сотта, басқа да өкілетті мемлекеттік органдарда істеріңізді жүргізуге байланысты білікті маманның құқықтық көмегі қажет болса, Нұр-Сұлтан қаласының адвокатымен мына телефондар арқылы хабарласыңыз:

+7 (7172) 35-65-19; +7 775 380 96 52.