Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру
ҚР ӘҚБтК-ның 73-1 бабы, 1 бөлігіне сәйкес денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
Осы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – жиырма тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
ҚР ӘҚБтК-ның 50-бабы, екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ұрып-соғу
ҚР ӘҚБтК-ның 73-2 бабы, 1 бөлігіне сәйкес тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
Осы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
ҚР ӘҚБтК-ның 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Адам денесі талшықтарының анатомиялық тұтастығын құқыққа қарсы бұзу не органдардың зақымдануына немесе олардың қалыпты жұмыс істеуін бұзуға әкеп соққан өзге де әрекеттерді адам денсаулығына келтірілген зиян деп ұғыну керек.нсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру – ҚР ӘҚтК-ның 73-1 бабына сәйкес әкімшлік жауапкершілікке алып келеді.
Денсаулықтың қасақана ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіру – ҚР ҚК-ның 106-шы және 107-ші баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке алып келеді.
Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығы Сот сараптамаларын және зерттеулерін ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес сот-медициналық сараптама жүргізу жолымен айқындалады.
ҚР ҚПК-ның 271-бабына сәйкес, мұндай сараптаманы жүргізу міндетті болып табылады, ал оның қорытындысы мұқият зерттелуге және басқа дәлелдемелер жиынтығымен бірге бағалануға жатады.
ҚР ҚК-нің 106-бабының екінші бөлігінде көрсетілген саралау белгілері бойынша денсаулыққа келтірілген ауыр зиянды саралаған кезде олар мағынасы бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабының екінші бөлігінде көрсетілген осыған ұқсас белгілерге сәйкес екенін назарға алу керек.
Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы бағытталған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жаза тағайындаған кезде соттар оларды жасаған кездегі барлық мән-жайлардың жиынтығын:
қасақаналық түрін, ниеті мен мақсатын, тәсілін, қылмыстық құқық бұзушылық жасау жағдайын және сатысын, туындаған зардаптың ауырлығын, кінәлінің жеке басын, жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың болуын ескереді.
Бұл ретте, әрекетті ҚР ҚК-нің тиісті баптарының диспозициясының тармақтарында көрсетілген бірнеше саралау белгілері бойынша саралаған кезде жаза жеке әрбір тармақ бойынша емес, ҚР ҚК-нің баптарының тиісті бөліктері бойынша бір рет тағайындалатыны назарға алынады.
Егер сіздерге денсаулыққа зиян келтірілуіне байланысты құқық қорғау мен адвокаттық көмек қажет болса, Нұр-Сұлтан қаласының адвокатымен мына телефондар арқылы хабарласыңыз:
+7 (7172) 35-65-19; +7 775 380 96 52.