Нұр-сұлтан қаласының адвокатынан құқықтық кеңес алу

                                  

АЗАМАТТЫҚ, ҚЫЛМЫСТЫҚ, ӘКІМШІЛІК ЖӘНЕ БАСҚА ДА ІСТЕР БОЙЫНША

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ АДВОКАТЫНАН ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС АЛУ

 


Астана қаласының Адвокатынан қалайша тегін құқықтық кеңес алуға болады?

 

Құқықтық мәселелерге байланысты туындаған қиын жағдайларда, азаматтардың көпшілігін, адвокаттан қалайша тегін құқытық кеңес алуға болады, - деген сұрақ мазалайтыны белгілі. Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңының 18 бабына сәйкес, мемлекетпен кепілдендірілген тегін құқықтық көмек көлемі қарастырылған, олардың көрсетілетін кездері мен негіздері, Қазақстан Республикасының "Мемлекетпен кепілдендірілген құқықтық тегін көмек туралы" заңымен және әкімшілік құқық бұзу, қылмыстық іс-жүргізу, азаматтық іс-жүргізу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген.

Осылайша, қолданыстағы заң талаптары, адвокатқа тегін құқытық көмекті тек қана заңда белгіленген санаттағы тұлғаларға және тек қана ҚР сәйкес келетін заңында көрсетілген жағдайлар мен тәртіп бойынша көрсетуді міндеттейді.

Сонымен қатар қазіргі кезде өздеріне тұтынушыларды қарату мақсатында, тегін құқықтық кеңес беретін көптеген құқықтық кеңес орындары мен адвокаттар да бар. Олардың сапасы мен біліктілігін тұтынушылардың өздері бағалай алады.

Осы орайда, адвокаттың қызметіне ақы төлеуге шамасы келмейтін азаматтар, Астана адвокатынан тегін құқықтық кеңесті қалай ала алатыны туралы түсіндіргім келеді:

1. Адвокатқа телефон шалып, адвокаттың көп уақытын алмайтын және құжаттарды, іс жадығаттарын қарастырып, құқықтық сараптауды талап етпейтін мәселелер бойынша, тегін құқықтық кеңес алуға болады.

2. Адвокаттың осы жеке сайтының арнайы «КЕҢЕС АЛУ» бетіне өз сұрақтарыныңызды енгізіп, осы сайт бетінен адвокаттың тегін құқықтық кеңес ретінде берген жауабын оқи аласыздар.