Адвокаттан қалайша тегін құқықтық кеңес алуға болады?

Адвокаттан қалайша тегін құқықтық кеңес алуға болады?

Құқықтық мәселелерге байланысты туындаған қиын жағдайларда, азаматтардың көпшілігін, адвокаттан қалайша тегін құқытық кеңес алуға болады, - деген сұрақ мазалайтыны белгілі.

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет туралы» заңының 6 бабына сәйкес, мемлекетпен кепілдендірілген тегін құқықтық көмек көлемі қарастырылған, олардың көрсетілетін кездері мен негіздері, Қазақстан Республикасының "Мемлекетпен кепілдендірілген құқықтық тегін көмек туралы" заңымен және әкімшілік құқық бұзу, қылмыстық іс-жүргізу, азаматтық іс-жүргізу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген.

Осылайша, қолданыстағы заң талаптары, адвокатқа тегін құқытық көмекті тек қана заңда белгіленген санаттағы тұлғаларға және тек қана ҚР сәйкес келетін заңында көрсетілген жағдайлар мен тәртіп бойынша көрсетуді міндеттейді.

Сонымен қатар қазіргі кезде өздеріне тұтынушыларды қарату мақсатында, тегін құқықтық кеңес беретін көптеген құқықтық кеңес орындары мен адвокаттар да бар. Олардың сапасы мен біліктілігін тұтынушылардың өздері бағалай алады.

Осы орайда басқа кісілердің адвокаттан, яғни Мелдебеков Ерғали Рысбекұлынан қалайша тегін құқықтық кеңес ала алатындарын түсіндірейін:

1. Адвокатқа телефон шалып, адвокаттың көп уақытын алмайтын және құжаттарды, іс жадығаттарын қарастырып, құқықтық сараптауды талап етпейтін мәселелер бойынша, тегін құқықтық кеңес алуға болады.

2. Осы сайттың арнайы «құқықтық сұхбат» бетіне, http://advokatt.kz/ мекені бойынша тіркеліп, өз сұрақтарын енгізу арқылы, тегін құқықтық кеңес ретінде жауап ала алады.

3. Адвокатқа хат жіберу арқылы, яғни оның жауабын тегін құқықтық кеңес ретінде, адвокат осы сайттың http://advokatt.kz/ бетіне енгізеді.

Leave A reply

Note: HTML is not translated!
    Жаман           Жақсы